Қазақ этнологиясы

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 1077

Қазақ этнологиясы семинар сабақ жоспары

Қазақ этнологиясы семинар сабақ жоспары


Семинар сабағының тапсырмалары: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.
Сұрақтар:

Шаруашылық – мәдени типтері


Дәстүрлі қазақ шаруашылығының құрылымы. Көшпелі шаруашылық. Көшпелілік генезисі және эволюциясы. Көшпелі шаруашылық типологиясы: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтар. Көшпелі шаруашылық ұйымы. Жайылымдылық мал шаруашылығының техникасы және әдістері. Малдарға арналған шаруашылық құрылым типтері. Халықтық мал дәрігерлігі. Мал шаруашылығымен байланысты ғұрыптар мен сенімдер. Жер өндеу. Шаруашылықтың түрлі типтеріндегі жер өндеудің маңызды орны. Жер өндеу мінездемесі және жер өндеу. Жерді пайдаланудың формасы мен синтезі. Жер өндеу шаруашылығындағы еңбек ұйымы. Жер өндеу саймандары және жасалған мәдениет құрамы. Жер жырту техникасы. Жыртылатын жерді өндеу және құралдары. Егіс жинау, оны ұнтақтау әдістері, бидайды сақтау әдістері. Бау – бақшалық және көкініс бақшасы. Жер өндеу жұмыстарының халықтық календары. Жер өндеуге байланысты салт – дәстүр, ғұрып және мерекелер.

Аңшылық


Аңшылықтың түрі мен әдісі: аңшы құстарымен, қабаған иттермен (тазы), оларды аулау әдістері. Дәстүрлі және өзіндік қызығушылықпен аңшылық. Аңшылықпен байланысты дәстүрлілер, ғұрыптар мен әдеттер. Балық аулау және т.б. этностың өзін - өзі қамтамасыз ету жүйесі.

Материялдық мәдениеті


Елді – мекен және тұрғын жер. Елді мекеннің пайда болуының уақыты және есебі. Қоныстанудың дәстүрлі типі. Қоныстанудын қазіргі заманғы типі және оның генетикалық байланысы. Дәстүрлі тұрғын үй: киіз үй, күрке, қос, жолым және т.б. Тұрақты үйлер мен шаруашылық құрылыс типтері. Дәстүрлі және қазіргі үйлердің азды – көпті ұқсастығы. Құрылыс материалы және салу технологиясы. Қоғамдық құрылыстар. Халықтың және қазіргі архитектура. Дәстүрлі интерьер және жиһаз. Үймен байланысты наным – сенім.

Киім және сәндік әшекей


Дәстүрлі және қазіргі киімдер. Киім типінің шығуына географиялық ортаның әсері. Ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің негізгі құрамды бөліктері. Күнделікті, және мерекелік, қыстық және жаздық той және қаралы киімдері. Қалалық еуропалық киімдердің пайда болуы. Бас киімдер. Тері және пималық аяқ – киім. Белдіктер. Әшекейлер. Әшекей бұйымдарының формасы мен әдістері. Амулеттер. Киім мен әшекейлерге байланысты сенімдер мен ғұрыптар.

Тамағы


Тамақтану жүйесі: ет, сүт, өсімдік, аралас. Күнделікті, арнайы, мезгілдік мерекелік, қонақтық, дәстүрлі және ғұрыптық ұлттық тағамдар. Тамақтану уақыты. Тиым салынған тағамдар. Трапеза этикасы. Азық – түлікті өндіру, консервілеу және сақтау әдістері. Ыдыс – аяқ саймандары: металдық, керамикалық, ағаш, тері және т.б. тамақпен байланысты дәстүрлер мен ғұрыптар. Үй – жайлық қолөнер. Қазақтардағы қолөнердің дамуы туралы археологиялық және жазба куәліктері. Ағаш өндеу. Ұсталық қолөнер. Зергерлік өнер. Терілік өнер. Сүйек өндеу. Үй – жайлық қолөнер шаруашылықтың мал шаруашылық типінің жалғасы ретінде. Тері илеу өндірісі. Тоқымашылық. Кілем тоқу. Кесте тігу.

Әлеуметтік – нормативтік мәдениет және салт – дәстүр


Той (үйлену) ғұрпы. Балалар ғұрпы. Жерлеу – еске алу ғұрпы. Қазақтардың отбасы – некелік қатынастары. Балаларды тәрбиелеуде этникалық дәстүр жүйесі. Қазақстанның әлеуметтік – нормативті этикеті. Дәстүрлі музыка. Халық мереклері және ойындары. Қазақтардың діни көзқарастары, сенімдері мен білімі. Исламға дейінгі наным – сенім. Тәңірге табыну. Шаманизм және бақсылық. Бабалар аруағына сенім. Қазақта исламның таралуы. Өмірдегі түрлі халықтық білімдері – календарь, аурудың емі, малды емдеу туралы түсінігі.
Әдебиет:
Негізгі
Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994
Население мира. М.,1992.
Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана. 2001.
Қосымша
Акынжанов М.Б. Казактың шығу тегі туралы. Алматы,1957.
Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке А, 1973.
Казахи. Историко-этнографическое исследование. Алматы,1994.
Қоңыратпаев Ә. Қазақ фолклорының тарихы А.1991
Назарбаев Н.Ә. тарих толқынында. А, 1999.
Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.1994.
Қазақстан тарихы. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейін. Очерк. Бас.Ред. М.Қ.Қозыбаев. Алматы, Дәуір, 1993.
Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.
Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, Атамұра,
Масанов Н.Э. и др. История Казахстана: народы культуры. Учебное пособие. Алматы, Дайк-Прес, 2000.