Кәсіпкерлік

Оқу әдістемелер

  • 25.12.2016
  • 1385

«Экономика» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіпкерлік» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

Кәсіпкерлік оқу әдістемелік кешен


КӘСІПКЕРЛІК ПӘНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ


Қазіргі кезде еліміздегі отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттыру мен серпінді жобаларды жүзеге асыру кәсіпкерлікті дамыту және табысты жұмыс жасауын қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Осыған байланысты кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға баса назар аударылып отыр.
«Кәсіпкерлік» пәні оқып үйрену кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, басқару және кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау, кәсіпкерлік тәуекелді басқару, бизнес-жоспар әзірлеу ерекшеліктерін меңгеру, кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде еңбек ресурстарын басқару және басқа да мәселелер жөнінде теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге арналған.

Пәннің алдыңғы деректемелері:


Макро - микроэкономиканың, менеджмент пен маркетингтің, бизнес этикасының және психологияның негізгі қағидаларын меңгеру. Экономикалық теория, әлеуметтік-экономикалық статистика, жоғары математика мен қаржы пәндері бойынша негізгі түсініктер мен ерекшеліктерді білуі, компьютермен жұмыс жасау дағдысының болуы, сондай-ақ, Қазақстан экономикасының нақты жағдайы, даму бағыттары мен стратегиясы жөнінде толық түсінігі болуы қажет. Студент «Менеджмент», «Маркетинг», «Статистика», «Қаржы», «Кәсіпорын экономикасы» пәндерін С-дан төмен емес бағаға білуі керек.
Пәннің кейінгі деректемелері: Студент осы пәнді оқып үйреніп, қажетті дағдыларды меңгергеннен кейін алған білімін «Фирма ішіндегі жоспарлау», «Еңбек ақы», «Шығындарды басқару» және басқа да пәндерді оқып үйренуде, арнайы пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруда, диплом жұмысын орындауда пайдалана алады.

Пәнді оқытудың мақсаты


Пәнді оқытудың мақсаты – экономикалық дамудың жаңа кезеңінде студенттерге кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ғылыми және тәжірибелік негіздерін, қазіргі жағдайдағы ерекшеліктерін үйретіп қана қоймай, теориялық білімдерін іс-жүзінде еркін пайдалана білуге дайындау болып табылады.
1.3 «Кәсіпкерлік» пәнін оқытудың міндеттері студенттердің келесідей дағдылар мен машықтарды қажетті деңгейде игеруі және қалыптастыруымен байланысты:
- кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары мен шарттарын, сондай-ақ, негізгі әдістері мен қағидаларын білу;
- шаруашылық қызметтегі кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды анықтау және басқару ;
- коммерциялық келісімдер жасау әдістемесін меңгеру және кәсіпкерлік қызметте қолдану мүмкіншіліктерін анықтау;
- кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жасай білу;
- кәсіпкерліктің даму болашағын дұрыс болжай алу.

Пәнді оқыту әдіснамасы:


«Кәсіпкерлік» пәнін оқытуда экономика ғылымының әртүрлі әдістері, яғни, анализ, синтез, экономикалық – статистикалық талдау және өзге де әдістер пайдаланылады.
«Кәсіпкерлік» пәнін оқып үйрену нәтижесінде студент мыналарды меңгеруі керек:
- кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні мен маңызын дұрыс түсінуді, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары мен әдістерінің өзіндік өзгешеліктерін білуді;
- кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру мен қызмет ету кезінде оның әрі қарай жақсы дамуын қамтамасыз ету үшін дұрыс шешім қабылдау;
- айқынсыздық және тәуекел жағдайында ұйымдастырушылық – экономикалық сипаттағы мәселелер бойынша тиімді шешім қабылдауды;
- кәсіпкерлік істі бастау және басқа да жағдайлар үшін бизнес-жоспар жасай білуді;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда персоналды басқару мен еңбекті ұтымды ұйымдастыруды;
- кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен қаржылық жағдайын талдауды;
- әртүрлі әріптестік қатынастарды дамыту және мәмілелер жасасу ерекшеліктерін ескеруді;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда шығындарды басқару мен қызмет тиімділігін талдауды.