Мақал - мәтел маржан сөз

Сабақ жоспарлары

  • 15.01.2017
  • 2238

Мақал - мәтел маржан сөз сабақ жоспары

Мақал - мәтел маржан сөз сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: « Мақал-мәтел маржан сөз»
Сабақтың мақсаты: а) салт дәстүрді сүюге тәрбиелеу ә) өтілген мақал-мәтелдерді еске түсіру, мағынасын ашу б) мақал мен мәтелдің айырмашылығын ұғындыру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың әдісі :түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру
ІІ Жаңа сабақ
-Біздер әрбір тақырыптарды оқыған сайын мақал-мәтелдерді көптеп кездестіріп отырамыз.
-Балалар,мақал өте ертеден келе жатқан,мағынасы өте кең бір немесе екі тармақтан құралған,қара сөз немесе өлең сияқты ұйқасты болып келген қысқа ғана нақыл сөздер. Мақалда жалпы айтайын деген ой белгілі болып тұрады.
Мәтел-мақалға ұқсас,ықшам келген нақыл сөз. Бірақ, айтайын деген ой тұспалдап жеткізіледі. Сөздері өткір келеді. Мақал мен мәтелді шығарған –халық. Ерте заманда елді билеп тұрған билер мен шешендердің,дана адамдардың аузынан шыққан ақылды сөздерді қазақ азаматтары қасиеттұтып, ауыздан-ауызға таратып келеді. Мақал мен мәтелдер ескірмейді, қайта өмір ағымына байланысты көбейтіп отырады. Мақал-мәтелдер түрлі тақырыптарға байланысты айтылады. Мысалы,біз Отан туралы, туған жер,еңбек,оқу, өнер тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдерді оқып ,жаттадық Енді осы мақал-мәтелдерді қайталаймыз.
1.Көрініс «Егінші мен қасқыр» ертегісі
-Балалар ,осы егінші мен қасқыр туралы не айтуға болады ? (егінші еңбек етеді, қасқыр-жалқау,еріншек)
-Әрине, еңбек деген сөзді бәріміз де жақсы түсінеміз, еңбек-тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күнде өмір сүруге болмайды.Жеп отырған тамағымыз,киіп отырған киіміміз-бәрі де еңбекпен келеді. Ал ,еңбек еткісі келмейтін адамды жалқау дейміз. Жалқаулық,еріншектік сияқты қасиеттерден Абай атамыз айтқандай ,қащшуымыз керек. Олай болатын болса, еңбек туралы,еріншектік туралы,жалқаулық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік (мағынасын аша кету)
1.Еңбек етсең,ерінбей
Тояды қарның тіленбей (тіленбеу)
2.Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.(еріншектік)
3.Еңбек етсең -емерсің (өнімін аларсың)
4.Бейнет түбі-зейнет .
5.Қыс қамын жаз жина (ертерек дайында)
-Жақсы еңбек туралы көптеген мақал-мәтелдер білеміз екен. Енді мына бір көрініске қаралық.
2.Көрініс (рахметайту, кешірім сұрау ,амандасау)
-Бұл оқушыны қандай оқушыға жатқызамыз? (әдепті)
-Әдептілік дегеніміз не?(жауап алу)
-Әдептілік дегеніміз бұл тіл алғыштық,сыпайылық, көргенділік,инабаттылық ,т.б сүйкімді қылықтар. Егер, сен әдепті болып өссең , ата-анаң қуанады, ал анаңның тілін алмасаң ,өзіңнен үлкен адамға сәлемдеспесең,бір нәрсені бүлдіріп алсаң да кешірім сұрамасаң,әриен сені әдепті бала деп айтпаған болар еді.
-Ал,әдепті бала, әдепсіз бала туралы мақал-мәтелдер айтайық .
1.Әдепті бала –арлы бала
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2.Жақсы бала –қуаныш
Жаман бала-өкініш.
3.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.
4.Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
5.Ұқыптының тоны тозбас
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
6.Өтірік сөз өрге баспайды.
7.Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
3.Балалар мақал-мәтел өте көп.
«Мен бастайын,сен аяқта» ойынын ойнату.
-Бір оқушы мақалдың басын бастайды да, екінші оқушы жалғастырады.

Қорытынды
-Сонымен,мақал-мәтелдердің тіліміздегі рөлі қандай?
-Мақал-мәтелдер қандай түрде айтылады?
-Ол бізге нені үйретеді?