Кәсіпкерлік түсінігі, жіктелуі және оның негізгі түрлері

Сабақ жоспарлары

  • 25.12.2016
  • 1631

Кәсіпкерлік түсінігі, жіктелуі және оның негізгі түрлері дәріс сабақ жоспары

Кәсіпкерлік түсінігі, жіктелуі және оның негізгі түрлері дәріс сабақ жоспары


Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсеке қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын дәстүрлі жолдауында да бұл мәселеге арнайы тоқталып, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттілігі айтылған. Әрине, бұл жағдай қазіргі кезге дейін де назардан тыс қалған емес және бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, экономикамызды диверсификациялау және шикізаттық бағыттан шыға отырып, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, жоғары қосылған құнды дайын өнімдер өндіруге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізінде отандық кәсіпорындардың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Прездентіміздің 2005 жылғы Қазқстан халқына арналған жолдауында да айрықша көңіл бөлген. Біздің басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске біз жетекші орын береміз. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттың әлеуетін ұлғайтатын басты көз де дәл солар болуға тиіс деген болатын. Ал Елбасының үстіміздегі жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономиканың әртараптандырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілген. Осы міндетті шешуге шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы айтарлықтай септігін тигізетіндігі айтылған. Сондықтан еліміздегі шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру, олардың қалыптасуы мен дамуын талдау және тиімділігін арттыру бойынша кеңінен зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Қазіргі біздің экономикалық даму стратегиямыз өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, экономика салаларын диверсификациялау болғандықтан экономиканы дамытудың қозғаушы күштерінің бірі ретінде шағын кәсіпорындардың өндіріс сферасындағы қызмет тиімділігін арттыруға және дамытуға ерекше мән берілу керек. Міне, сол себепті шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізу тақырыптың өзектілігін нақтылай түседі.