Жаратылыстану ғылымы - тіршіліктің бастауы

Сабақ жоспарлары

  • 15.01.2017
  • 1137

Жаратылыстану ғылымы - тіршіліктің бастауы тақырыбындағы жаратылыстану пәндері бірлестігінің қорытынды кеші сабақ жоспары

Жаратылыстану ғылымы - тіршіліктің бастауы сабақ жоспары


« Жаратылыстану ғылымы - тіршіліктің бастауы » тақырыбындағы жаратылыстану пәндері бірлестігінің қорытынды кеші.
Кештің мақсаты :
Оқушыларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке баулу, адами қасиеттерін жетілдіру,ойлау, салыстыру қабілеттерін арттыру, ақыл-ойы жетілген зейінді тұлға қалыптастыру.
Көрнекіліктер : Нақыл сөздер,
Өту барысы ː
I. Кіріспе
II. Топтардың таныстыруы, ұраны
III. «Сөз тапқанға....» Топ басшыларға 5 сұрақ беріледі. Әр сұрақ 1 ұпай.
Бірінші топ басшыға
1. Өсімдіктің өсімді мүшелері ( тамыр, сабақ,жапырақ )
2. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады ? ( 365 күн, 6 сағат )
3. Екі елі неше сантиметр ? ( 3-4 сантиметр )
4. Адамның тұмауға және жұқпалы ауыруларға қарсы тұра білу қабілеті қай металмен байланысты ? ( Күміс )
5. Ең жақын жұлдызды ата. ( Күн )
Екінші топ басшыға
1. Бақаның дернәсілі қалай аталады? ( Итшабақ )
2. Жер өз білігін қанша уақытта бір айналып шығады ? (24 сағатта )
3. Ат шаптырым жер неше километр ? ( 20—25 километр )
4. Оттектің аллотропиясы ( Озон )
5. Ток көздерінде неше полюс бар? ( 2 полюс оң және теріс )
IV. «Ойлан тап... » Әр мақал үшін 3 ұпай беріледі. Төмендегі сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел құрау керек. Жүз, гүл, білім, қой, темір, кітап, қырық, он, жау, ағаш, дос, ит, тұз, тас, болат, күміс, тау, су, жігіт, қыз, көз, жалғыз, елу.
V. «Сөз маржаны...» Жаратылыстану пәнімен байланысты бір сөз беріледі, сол сөздің соңғы әрпінен басталатын жаратылыстану пәндеріне тиісті сөздерді жалғастыру керек. Мысалы: Катет, Трапеция,ява,аксиома ... 1 сөз 1 ұпай. Сөйлем 2 ұпай.
VI. «Сен білесің бе? » Ұпай берілген ұяшықтарды ашып,жауап беру.
1. Тік бұрышты координаталарын математикаға енгізген ғалым ( Декарт ) 5 ұпай.
2. Түрді латын тілінде қос атпен атауды ұсынған ғалым ( Карл Линней ) 2 ұпай.
3. Суық тигенде тамырдан жіберілетін,медицинада ыстық укол деген атпенбелгілі бейорганикалық қосылыс ( Калций хлориді ) - 3 ұпай.
4. Ойлау мен жаттығу арқылы орындалатын жаттығу ( Есеп ) – 3 ұпай
5. Қазақстанның саяси әкімшілік ауданы неше облысқа бөлінеді, ата
( 14 ) - 4 ұпай
6 .Қант ауыруы кезінде не себептен инсулин салынады ?
( Жетіспеген инсулинді толықтырады ) - 4 ұпай
7. Түссіз газ таза күйінде одан өте әлсіз, әдетте сезіле қоймайтын сарымсақ иісі шығады. Адам демалғанда ол сезілмейді, сондықтан уланғанын білмей қалады. Бұл өте күшті у алдымен қанды,сондай-ақ жүйке жүйесін, бұлшық етті, жүректі зақымдайтын қосылыс. ( Көміртек ( 2 ) тотығы ) - 5ұпай
8. Процент дегеніміз не ? ( Санның жүзден бір бөлігі ) - 2 ұпай
VII . Жарнама ( 1-10 ұпай аралығында )
VII .«Жаратылыстану » сөзіндегі әріптерден жаратылыстану пәндеріне байланысты сөздер құрау, әр сөз 1 ұпай
IX. «Сандарды тап» ойыны . Әр сан 1 ұпай.
X. Өнер сайысы - 10 ұпай
Х. Қорытынды. Апталықты қорытындылап, апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталады.