Адамның сезім мүшелері

Сабақ жоспарлары

  • 15.01.2017
  • 2003

Адамның сезім мүшелері сабақ жоспары. Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы бойынша, жаңа буын оқулық негізінде құрастырылған.

Адамның сезім мүшелері сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі көру, есту, иіс, дәм сезу, кеңістіктегі жағдайын сезіп сақтайтын мүшелер, хемоқабылдағыштар, ноцицепторлар, қабылдағыштардың мәнін, олардың маңызын, құрылысын, қызметін және олардың арасындағы байланысы туралы білімін жүйелеу және толықтыру.
Білімдік мәні: сезім мүшелері жөніндегі теориялық білімді меңгеріп оны практика жүзінде іске асыру.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың осы тақырыптар арқылы ұжымдық ойлау әрекеті технологиясының тәсілдерін белсенді қолдануға, ұжымдағы жұмыс – басқаларды тыңдау, өз көз қарасын дәлелдеп, қорғай білу қабілетіндегі біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Сезім мүшелерін біртұтастықта қарастыру, ақыл ойын ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, тірі табиғатпен ізгілікті қарым – қатынаста болып, экологиялық мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Мәдениеті: Органикалық әлем дүниесінің ерекше, саналы бір бөлімі- адамның сезім мүшелері жөніндегі теориялық білімді практикада пайдалануды іске асыру.
Көрнекі құралдар: «Көз алмасының құрылысы», «Құлақтың құрылысы» атты сурет, муляждар. «Дәм сезу бүрлері, тілдегі дәм сезу аймақтары».
Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау технологиясы бойынша

Сабақтың құрылымы:
I. Оқушыларды әлемдік немесе проблемалық жағдайға кіргізу.
II. Оқушылардың сұраныстарын білу.
III. Сұрақтардың күрделілігіне қарай реттеу.
IV. Кілтті сөздерге түсіндірме сызба құру.
V. Кіші топтың өзіндік жұмысы.
VI. Алғашқы түсінікті болжау.
VII. Жалпы талқылау
VIII. Тақырып бойынша модуль құру
IX. Рефлексия
Сабақ барысы
I.Оқушыларды проблемалық жағдайға кіргізу.
Бұл жерде мұғалім тақпақ оқиды немесе өлең айтады. Әр түрлі қимыл – әрекеттер жасайды. Оқушыға сұрақ қояды немесе сөйлейді.
Бұл іс – әрекеттер, сұрақтар оқушыға білімді даяр бермей, олардың алдына белгілі бір проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Сонымен осы іс – әрекеттердің, сұрақтардың негізінде оқушылар бүгінгі тақырыптық негізі – сезім мүшелері: көз, құлақ, тіл, мұрын, тері екендігін анықтайды.
II. Оқушылардың сұраныстарын білу.
Оқушылардан осы «Сезім мүшелері жөнінде не білгілерің келеді?»
деген сауал қойылады.
1. Сезім мүшелерінің құрылысы – 3
2. Маңызы – 12
3. Құрамы – 9
4. Олардың гигиенасы – 11
5. Олардың бұзылуы – 10
6. Кілтті сөздер- 1
7. Түсіндірме сызбасы немесе топтастыру – 8
8. Анықтама ережесі – 2
9. Атқаратын қызметі – 4
10. Олардың ішкі құрылысы – 7
11. Сыртқы құрылысы - 6
12. Анализаторлар -5
Бұл жерде оқушылар сезім мүшелері жөнінде не білгісі келетінін ретсіз айта береді. Мұғалім барлық сұрақтарды тақтаға жазады. Сосын осы сұрақтардың ретсіз екендігін айтып, ретіне қарай немесе күрделілігіне қарай нөмірлейді.
III.Сұрақтарды күрделілігіне қарай реттеу.
1. Кілтті сөздер.
2. Анықтама ережесі.
3. Сезім мүшелерінің құрылысы.
4. Атқаратын қызметі.
5. Анализаторлар.
6. Олардың сыртық құрылысы.
7. Олардың ішкі құрылысы.
8. Түсіндірме сызбасы немесе топтастыру .
9. Құрамы.
10. Олардың бұзылуы.
11. Гигиенасы.
12. Сезім мүшесінің маңызы.

IV-V. Кілтті сөздерге түсіндірме сызба құру немесе топтастыру.

көру
есту
Кілтті сөздер иіс сезу
Дәм сезу
Сипап сезу
Оқушыларды қайта топқа бөледі. Кіші 4 топ құрылғаннан кейін Ұ.О.Ә. ережесі таратылады.

I топ Көру мүшесі
Жаңа оқулық бойынша §25 §26 §27
Ескі оқулық бойынша §51 §52 §53

Қасаң қабықша Көз бұршағы Кірпік Қабақ Қарашық Нұрлы Қабықша

Ақ Тамырлы Торлы Жас Таяқша Құтықша Көз бұршағы
қабықша қабықша қабықша безі
Родопсин Рецепторлар

Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортадан қабылдайтын ақпараттың 80-90% көру мүшесі арқылы қабылданады.

II топ Есту мүшесі
Жаңа оқулық бойынша §25 §28
Ескі оқулық бойынша §51 §54

Дабыл Құлақ Есту Сыртқы Ішкі Дөңгелек
жарғағы қалқаны жолы құлақ құлақ

Төс Иірім Балғашық Үзеңгі Фибриоз Сопақша 30мм 15-20 дан
түтігі 20000герц
жылдамдық
Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, түскен ақпараттар ішкі мүшелердің қызметіне әсерін тигізіп, оларды реттеуге қатысады.

III топ Мұрын. Тіл
Жаңа оқулық бойынша §25 §29
Ескі оқулық бойынша §51 §55 §56

Өткір иіс
Мұрын қуысы Рецептор
Кірпікшелер
Эпителий
клеткалары Жүйке талшықтары

Сілемейлі қабықша Түшкіру Мүсәтір спирті Химиялық заттар

Адам мұрын қуысындағы иіс сезу қабылдағыштары арқылы ортадағы түрлі иістерді қабылдап жауап береді.
Тұзды Тіл Тәтті Ащы Қышқыл Бүршіктер Ауыз қуысы

Сілемейлі қабықша
Рецептор Механоқабылдағыштар

Адам ауыз қуысындағы тілдің сілемейлі қабықшасының дәм сезу бүршіктері арқылы дәм қабылдағыштарын қабылдап жауап береді.

IV топ Тері.
Жаңа оқулық бойынша §25 §48
Ескі оқулық бойынша §51 §47 §48 §55
Діріл Тері Суық Ыстық Табан Тіл ұшы Алақан

Ноцицепторлар Қысым Қозу Саусақ терісі Бет Алақан
Адам терісінде көптеген сезім қабылдағыштары сипап сезу рецепторлары арқылы ортаның тітіркендіргіштерін қабылдап жауап береді.
VI Алғашқы түсінікті болжау.
- Топтағы қорытынды немесе микроқорытынды.
- Ауыспалы кезек немесе білімді реттілік меңгеру
- I,II,III,IV.
- II,III,IV…т.с.сс

VII Жалпы талқылау.
Бұл кезеңде оқушылар өз ұсыныстарын, пікірлерін ғылыми негізде қорғайды, яғни 4 топтағы әрбір оқушы өз жауаптарының негізінде сезім мүшелері жоспары бойынша (түсіндірме сызбасы, қызметін, жіктеуін, сыртқы және ішкі құрылысы, құрамы, гигиенасы) тақтада дәлелдейді.
Осыдан кейін мұғалім көмегімен оқушылар сезім мүшелерін бір жүйеге келтіреді.