Дін және мәдениет. Исламның таралуы

Сабақ жоспарлары

  • 15.01.2017
  • 3081

Дін және мәдениет. Исламның таралуы сабақ жоспары

Дін және мәдениет. Исламның таралуы сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Сабақтың мақсаты : Дамыған орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан жеріндегі ислам дінінің таралуы және мәдениетке әсері туралы білім негіздерін қалыптастыру .
Міндеттері:
Білімділік: Осы кезеңдегі әр түрлі діни нанымдар және ислам дінінің таралуы туралы жан – жақты тарихи мағлұмат беру .
Дамытушылық: Ислам дінінің түпкі мақсаты арқылы рухани дүниесін дамыту.
Тәрбиелік : Ислам дінінің негізінде адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – көрсетілімді әдіс
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзі саяси картасы, ҚР саяси - әкімшілік картасы, Слайдтар , Қасиетті кітаптар, суреттер , т. б.
Пәнаралық байланыс: Орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихы, География, Дінтану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма
VII.Қорытынды

Сабақтың жоспары:
1.

Ислам дініне дейінгі діни нанымдар


2.

Ислам дінінің енуі және таралуы


3.

Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері


Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу . Сабаққа әзірліктерін тексеру .
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша сөйлемдер оқылады , « иә» немесе « жоқ» деп жауап беру.

* Дамыған орта ғасырлар кезінде сәндік қолданбалы өнер өркендей бастады . ( иә)
* X – XII ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салынбады . ( жоқ)
* Мұсылман дінінің әдет – ғұрып , салт – дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат
мұнаралар салына бастады . ( жоқ)
* Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда мешіттердің болғандығы
араб – парсы деректерінде айтылған . ( иә)
* Осы кездегі ғимараттарға дүкендерді , банктерді , сауда үйлерін , мектептерді жатқызуға болады . ( жоқ)
* Алматы , Қызылорда қалаларында археологиялық қазба жұмыстары барысында шығыс моншаларының орындары табылды . ( жоқ)
* Сары топырақты балшық пен ғаныш қолданбалы өнердің құрылыс материалы болған . ( иә)
* X – XII салынған кесенелер : Қожа Ахмет Йасауи , Алаша хан , Көккесене . (жоқ)

III . Жаңа сабақ .
2. Ислам дінінің енуі және таралуы
« Тарихи домино» ойыны . Ислам діні төңірегінде сұрақтар ұсынылады .
1. Әлемдік діндер ------------ буддизм , христиан , ислам
2. Ислам------------------------- құдайға табыну
3. Алланың жердегі елшісі ----------- Мұхаммед
4. Қасиетті кітап------------- Құран
5. Қасиетті орын---------------- Қағба
6. Исламның орталығы----------------- Мекке
7. Дін-------------------Жаратушыға деген наным – сенім
8. Ислам заңдары--------------------Шариғат
9. Хижра--------------------Мұсылманша жыл санау
Бейнекөрініс : « Алланың бары – ақиқат»
Ислам дінінің пайда болуы мен Қазақстанға таралу жолы туралы қысқаша баяндап өтеді .
Әлемдік діндердің ең жасы - Ислам діні біздің заманымыздың 609- 639 жылдары аралығында ( VII ғасыр ) шығыс пен батыс өркениетінің тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болды . Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуымен ене бастады .
« Қазақстанда ислам діні VIII ғ. тарай бастағанмен , XIX ғ. аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді ...»
Ш . Уәлиханов « Ислам діні»
3. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
Ислам дінінің Қазақстанда таралуы мәдениетке үлкен өзгерістер әкелгендігі мәлім
болып отыр . Оған бір дәлел : « Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың X ғасырдағы қалаларында мешіттер көптеп салына бастаған» . Әл Макдиси .

Ислам дінінің мәдениет саласындағы жетістіктері :
1. Қала мәдениетінің өркендеуі
2. Мешіттердің көптеп салынуы
3. Жерлеу салтына өзгерістердің енуі
4. Діни медреселердің ашылуы
5. Ғылым мен білім салаларының дамуы
6. Жазба әдебиеттің жандануы

IV. Жаңа сабақты бекіту . Тірек сөздер : Құран , Мұхаммед , Ислам , Мешіт , Дін .
« Синквейн» бес жол өлең құрастыру .
1. Зат есім ( 1 сөз)
2. Сын есім ( 2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз)
4. Сөз тіркесі ( 4 сөз)
5. Синоним ( 1 -2 сөз)

V. Бағалау .

VI. Үйге тапсырма .
§ 19. « Дін және мәдениет . Исламның таралуы» . Түсініп оқу .
№ 2 , 5 тапсырмаларды орындау .

VII. Қорытынды.
Аумағы : барлық құрлықтарға таралған . Ұстанушылар : 2 млрдқа жуық .
Таралуы : 120 дан астам елде . Барлығы : 57 мұсылман мемлекеті бар .

Дінге сену – сенбеу әркімнің өз еркінде . Дін адамдықты , адамгершілікті , адалдықты уағыздайды . Қазақтың ұлы ақыны Қашаған Күржімұлының ел аузында жүрген бір өлеңіндегі мына бір өлең сөздерімен бүгінгі сабақты аяқтағым келіп отыр :
« Дін – қарындас , жамағат ,
Пайғамбардың хадисі сіз бен бізге аманат» .