Археология

Оқу әдістемелер

  • 19.12.2016
  • 1015

Археология пәні бойынша «тарих» мамандығына арналған оқу бағдарламасы.

Археология оқу әдістемелік кешені

 

Археология – ежелгі дәуір мен кейінгі орта ғасырлардағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтарын зерттейтін, жазбаша ескерткіштер болмаған жағдайда оны материалдық ескерткіштер арқылы зерделейтін ғылым саласы болып табылады. Сол себепті де археология бүкіл әлемде тарихқа қызығушылық танытатындар үшін аса маңызды да, қажетті ғылым ретінде есептелінеді.
Бұл курстың міндеті студенттерді аталмыш ғылыммен, оның әдістері мен проблематикаларымен таныстыру, пәннің негізгі теориялық танымын көрсету болып табылады.
Археологияны оқытудың басты мақсаты – тарихи үрдістерді қалайша археологиялық деректер жаңғырта алатындығын көрсету, сондай-ақ тарих ғылымы үшін археологияның танымдық маңызы мен рөлін айқындау, археологияның қазіргі дәрежесі мен деңгейіне, оның шешімдері мен міндеттеріне, болашағына студенттер назарын аудару деуге болады.
Археология жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістерін, олардан алынған қорытындыларды археологиялық мәліметтерді дұрыс пайымдау үшін қолданып қана қоймай, өз тарапынан осы сала ғылымдарын дамытуға елеулі үлес қосып та отырады. Ол әсіресе гуманитарлық пәндермен үнемі аса тығыз ғылыми байланыста болады. Олардың арасынан алғашқы қауым тарихын, этнологияны, антропологияны, өнер тарихын, архитектураны және қосалқы тарих пәндерді ерекше атап өткен жөн.
Пәнді оқыту барысында студенттерге мынадай тапсырмаларды меңгеру жүктеледі:
- Археология пәні жөнінде анықтама алу;
- Тарихи оқиғалар мен факторларға талдау жасап үйрену;
- Археологияның деректерді өңдеу әдістерін түсіндіру және т.б.