Этностар арасындағы қарым-қатынастар

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 4644

Этностар арасындағы қарым-қатынастар семинар сабақ жоспары

Этностар арасындағы қарым-қатынастар семинар сабақ жоспары


Семинар сабағының мақсаты: Этностар арасындағы байланыс, қатынас, азшылдық теорияларын қарастыру.
Семинар сабағының тапсырмалары:
Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.
Сұрақтар:

Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері


Тарихи фактор. Әлеуметтік фактор. Саяси фактор. Жағдайлық фактор. Этностар арасындағы байланыстың нұсқалары. Этникалық ассимиляция. Этникалық адаптация.

Жергілікті халықтар және этникалық азшылдық


Жергілікті халықтар. Абориген. Этникалық азшылдық.

Этностар арасындағы қатынастың түрлері


Геноцид. Апартеид. Сегрегация. Дискриминация. Жат мәдениет концепциясы.

Этностар арасындағы қарым-қатынастың теориялары


Аккультурация концепциясы. Жұмылдыру концепциясы. Интегрировалық концепциясы. Ішкі отарландыру концепциясы.
Мазмұны:
1.Этностар арасындағы байланыс және оның нәтижелері.
Адамның күні адаммен дегендей, адамдар бір-бірімен араласпай өмір сүре алмайтыны сияқты, этностар да бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл қатынастардың жақсы және жаман жақтары да бар. Этностар арасындағы қатынастар өмірдің барлық саласын қамтиды. Мәдени, психологиялық, экономикалық, отбасылық тұрмыстық деп кете береді. Бұған бірнеше факторлар әсер етеді:
Тарихи фактор. Этностар тарихында әртүрлі жағдайларда, белгілі бір кезеңдерде байланыста болады. Ерікті, күштеу, арқылы байланысып жатады. Халық жадында тарихи оқиға жаулап алу, соғыс естерінде ұзақ сақталады. Бұл оқиғаларды әрқилы қабылдауы мүңкін.
Әлеуметтік фактор. Байланысушы этностың әлеуеттік статусы саяси, мәдени, шаруашылығы тең болғанда қатынастар қалыптасады. Бірақ іс-жүзінде бұндай байланыс түрлері кездесуі қиын. Көзқарастары әртүрлі, тең емес байланыс жиі кездеседі. Дискреминация жиі кездеседі. Бұның соңы этникалық жанжалға алып келіп жатады.
Саяси фактор. Саяси құрылымына байланысты саны басым этнос, аз этностарға мемлекеттік этникалық саясатты қалыптастырады.
Ахуалдық фактор. Этностар өмірінің әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайлар тоғысы нәтижесінің әсерінен ахуалдық фактор шығады. Нақтылы жағдау этностар арасында жанжал тудыруы мүмкін. Этностар арасындағы байланыстың нұсқалары:
Қосылуы: бір мәдени іс-әрекетті игеріп жетістікке жеткен этностардың бір-бірімен байланысының нәтижесі. Мысалы: Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде еуропалықтар мәдени өсімдіктерді, шаруашылық жетістіктерін қабылдады.
Қиындауы (усложнение) немесе асқынуы. Бұрын пайда болып, дамыған мәдениеттің әсерінен екінші этнос мәдениетінің өзгеруі. Мысалы: Қытай мәдениетінің жапон мәдениетіне әсері.
Азайуы. Басқа бір этностың дамыған мәдениетімен байланыс нәтижесінде, өз мәдени дағдыларынан айрылуы. Мысалы: Дәстүрлі қолөнер маңызының жойылуы.
Эрозия немесе обеднение. Екінші мәдениет әсерінен басқа этнос мәдениетінің біртіндеп жойылуы. Мысалы: Аз халықтар өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты, өз мәдениеті мәнінің жоғалуы.
Сонымен этнос мәдениетінің жоғары болуына этномәдени әсерлер тәуелді. Этностар арасындағы мәдени байланыстар үш түрге бөлінеді. Ассимиляция, адаптация және интеграция.
Ассимиляция – бір-бірінен пайда болуы мәдениетті және тіпті жөнінен ажыратылатын этностардың этникалық арақатынастар үрдісі. Ассимиляцияның нәтижесінде бір этностың өкілдері екіншісінің тілін және мәдениетін меңгереді және бұрынғы этникалық белгілерінен толық айырылды.
Бұл этностардың, субэтностардың немесе шағын этникалық топтардың басқа этностың ортасына араласып, сіңіп жеке этностықтан айрылуы болып табылады. Ұлыбританиядағы уэльстіктер франциядағы автохтонды бретандықтар және италияндық мигранттар осыларға жатады. Ассимиляцияның табиғи (ерікті) және зорлықты түрлері болады. Бұл әсіресе қалаларда көбірек байқалады. Кейбір зерттеушілер ассимиляцияны консолидацияның құрамды бөлігі деп санайды.
Консолидация (нығайу)- біршама тәуелсіз халықтардың және олардың ірі топтарының әдетте тілі, және мәдениеті бойынша туысқан біріңғай тұтас этникалық ортақтыққа қосылу үрдісі.
Адаптация-бейімделу адамдардың жаңа этникалық ортада өмірге бейімделуі, немесе осы ортаның экономикалық және әлеуметтік салаларында солармен өзара қатар өмір сүру.
Интеграция бірігу-әртүрлі этнстардың негізгі этникалық белгілерді сақтай отырып, этникалық мәдени байланыс орнату үрдісі.
2.Жергілікті халықтар және этникалық азшылдық.
1989 жылғы Халықаралық еңбекті ұйымдастыру конвенциясы бабына сәкес тәуелсіз елдегі халық, бұл географиялық облыс немесе елде алғаш өмір сүрген адамның дәстүрлі шаруашылықпен айналысқан халықты жергілікті дейді. Міндетті түрде жері болу керек. Жерсіз жергілікті халық болмайды. Материялдық және рухани белгілерінің жермен байланысы болу керек. Жергілікті халықты абориген деп те атайды. Келімсектерге дейінгі жерде өмір сүрген халық. Негізінен абориген терминін Африка, Америка, Австралияның жергілікті халқын атайды. Жаңа уақытта бұл территориларды еуропалықтар ашып, байырғы тұрғындар дейді.
Автохтонды- дәстүрлі өмір сүру образын қолданатын жергілікті аз халықтарды жатқызады. Белгілі бір территорияны алғаш қоныстанғандарды айтады. Қазіогі таңда бұлтерминді этнологияда емес биологияда көп пайдаланады.
Тұрғындарды жергілікті және жергілікті емес халық деп бөлу, әрқашан жанжал тудырады. Жергілікті тұрғын дегенде елдің жердің иесі ол жергілікті емес келімсек, иммигигрант дейді. Мысалы қоңсы, кірме...
Жергілікті халық, жергілікті емес халықтарды және олардың хронологиясын анықтау критеясын табу қиындық туғызады.
Этникалық азшылдық. Өздерінің мемлекеттік құрылымдары жоқ, демографиялық потенциялы нашар, саны аз халық. 50 мыңға дейінгі саны бар этнос жатады. Қазір әлемде 800 саны аз этнос тіркелген. Ресейде 60. Бұл саны аз халықтар бір жерде жинақы немесе шашырай орналасып көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүреді. Біз келесі белгілер арқылы саны аз халықтарар қатарына жатқызамыз.
-Мемлекетте саны аз.
-Билікте жоқ.
-Диаспора.
-Тәуелсіз мемлекеті жоқ, әр елдерде шашырай орналасқандар. Мысалы цыған, күрд.
-Келімсектерден саны аз, отарлауға ұшыраған жергілікті халық. Мысалы эвенки, чукча, саха.
-Жаппай миграцияға ұшыраудың нәтижесінде тұрақты жерге орналасқандар тобы.
3.Этностар арасындағы қатынастың түрлері.
Этностар арасындағы қатынастың түрлері геноцит, апартейд, сегрегация, дискриминация.
Геноцит- үстем етуші этникалық қауымдастықтың белгілі бір мақсатта діни, рассалық, этникалық топты, толығымен немесе жартылай жоюы. Келесі формада геноцит жүзеге асады:
- Этникалық азшылдық топ өкілдерін физикалық жою, жаппай репрессиялау.
- Қасақана этникалық топқа қырылатын жағдай жасау.
- Этникалық топқа бала тууға тиым салу.
- Бір этникалық топтан екінші этникалық топқа күшпен бала беру.
Апартейд- бір рассалық топтың екінші топқа жүйелі түрде жою мақсатында үстемдік ету формасы. Оның белгілері:
- Қаналушы рассалық топтың жеке бостандығы өмір сүру құқының болмауы.
- Рассалық топты жою үшін қасақана өмір сүру жағдайын жасау.
- Рассалық топ және оның мүшелерінің дамуының негізгі құқы мен бостандығының шектелуі.
- Рассалық белгісіне қарай резервацияда ұстау заңды түрде әртүрлі рассалық топтарға некеге тұруға тиым салу.
- Рассалық топ мүшелерін қара жұмысқа салу.
Сегрегация- Рассалық немесе этникалық белгісіне қарай жеке тұрғындар тобын күштеу арқылы этномәдени изоляциялау. Негізінен бұндай саясатты автономиялы елде жүргізеді. Мысалы Ресей, Англия, Қытай.
Дискриминация – мәдени белгі, рассалық түр сипаты этникалық шыққан тегі, діни сеніміне қарай адамдар тобын шектеу. Үстемдік етуші этнос өз жағдайын жақсартады.
4.Этностар арасындағы қарым-қатынастың теориялары.
Аккультурация концепциясын 1930 жылы американдық мәдени антрополог Р.Редфилдом, Р.Линтон, М.Херсковицтер шығарды.
Аккультурация – мәдениеттердің бір-біріне сіңісу үрдісі. Шетел этнологиясында көбінесе аккультурация еуропезизацияның синонимі ретінде қолданылады, өйткені Азия, Африка халықтарында еуропалық мәдениеттің элементтері шаруашылық формалары, әлеуметтік таралу үрдістері байқалады.