Этнология теориясының негізі және бағыты

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 3093

Этнология теориясының негізі және бағыты семинар сабақ жоспары

Этнология теориясының негізі және бағыты семинар сабақ жоспары


Семинар сабағының мақсаты:
Этнология теориясының негізі және бағытымен танысу
Негізгі түсініктер:
Тарихи мәдени бағыт. Биологиялық бағыт (А.Бастиан, Т.Ахелис). Әлуметтік бағыт.Географиялық бағыт. Тарихи географиялық бағыт. Мәдени шенберлер мектебі. Тарихи этнологияның американдық мектебі немесе психологиялық антропология. Гелиолитикалық мектебі. Француз әлеуметтік мектебі. Структуралистік бағыт Функционализм. Жүйелік теориясы.
Семинар сабағының тапсырмалары:
Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.
Сұрақтар:
1.

Эволюционизм


2.

Диффузионизм


3.

Функционализм


4.

Қазіргі этнология


5.

Ресей этнологияның дамуы


6.

Қазақстанда этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы


Мазмұны:
1. Эволюционизм.
Эволюция латын сөзі «бірте-бірте даму» бұл мәдениетті зерттеудің бағыты. ХІХғ ортасында эволюция термині қалыптасты. Этнография ғылым ретінде қалыптасты. Теология - дін туралы ғылымның ықпалына қатысты табиғаттың мүлде өзгермейтіндігі туралы басым болатын. Эвалюцмялар –адамзат мәдениетінің жалпы даму заңдылықтарын ашты. Тарихи мәдени бағыт – бұл бағыт өз еңбектерін қоғамдық өмірдің өзіндік сферфсының дамуын қарастырады.
Эдуард Тэйлор ағылшын ғалымы эволиция классигі ХІХғ. ортасы ХХғ. Басында өмір сүрген» Ежелгі мәдениет», «Антропология» атты еңбектері 1881жылы жарыққа шықты. Тэйлор адамзат мәдениетінің тарихын «табиғат тарихының бір бөлігі» ретінде қарастырып, мәдениеттің әр түрлі формаларын біртіндеп даму сатылары деп түсінді. Оның ойынша, мәдени сатылардың әр қайсысы өткеннің жемісі болып табылады және болашақты қалыптастыруда елгілі рөл атқарады.
Льюис Морган американдық адвокат(1818-1881) этнология ғылымына қосқан үлесі мол. «Ежелгі қоғам» атты еңбегі бар. Адамзаттың бүкіл тарихын 2 кезенге бөледі: 1.Рулар – тайпаларға негізделген ертедегі әлеуметтік ұйым. 2.Белгілі бір аймақтарда меншікке негізделген соңғы кездегі саяси ұйым.
Отбасы дамуының жүйелі сатылы дамуы.
1.Туысқандық қатынасқа негізделген отбасы.
2.Пунуальдық отбасы.
3.Жұпты немесе «синдиасмикалық» отбасы.
4.Патриархалдық отбасы.
5.Моногамдық отбасы.
Биологиялық бағыт – қоғам эвалюция заңдылықтарына, жаратылыстану ғылымдарының принциптерін енгізді. А.Бастиян 1826ж.-1905ж. өмір сүрген. Герман рэвалюциянизмінің негізін қалаған. Еңбегі «Общий основания этнологии».
Әлеуметтік бағыт- негізін қалаушылар: Хонд, Дюргейм, К.Штарке.
• Неке отбасының дамуы
• Қоғамдық еңбектін бөлінуі
• Жекеменшіктін шығуын зерттеді.
Географиялық бағыт - тарихи географиялық аспектілерін пайдаланды. Географиялық фактрдың маңыздылығына тоқталды. Андре, Надеждин негізін қалағандар. ХІХғ аяғында антропологиялық тарихи мектептін ашылуынан жабылды.
2. Диффузионизм.
Диффузиянизм- физикадан алынған ұғым, араласу, сіңу, бірігу деген мағына білдіреді. Негізін қалаған Фридрих Рацель лепциг университетінің профессоры, еңбегі «антропогеография». Адамның жер бетіне таралуын қарастырады. Мәдениет дамуының жалпы көрінісін географиялық жағдайда зерттеуге тырысады. «Халықтар, тілдер, рассолар жоғалады, пайда болады». Этнографияны зерттегенде заттар рөл ойнайды. Әшекей, киім, есірткі бір халықтан екінші халыққа ауысып отырады. Ат әбзелдері, металл өз иелерімен бірге жүреді.
Тарихи географиялық бағыт-Скандинавия елдерінде тарады, мәденет таралуын зерттейді.
Мәдени шеңберлер мектебі. Алғашқы қоғам тарихын ғаламдық негізде қалпына келтіруге тырысты. Фриц Глебнер неміс этнологы ХІХғ. аяғы ХХғ. Бірінші жартысына дейін өмір сүрді. Этнология «Мәдениет шеңберлері» еңбегі бар. Вена өкілі, католик пастері Вильгелм Шмидт. Гребнердің идеясын жалғастырушы. Еңбегі «құдай идеясының шығуы». Ғылыми әдіс көмегімен биологиялық дәстүр бойынша моногамияның ежелден келе жатқаның, әке құқығының және тек бір құдайға сенушіліктің анық ақиқат екендігін айқындай түсті.
Геолиталық мектеп.
Бүкіл мәдениеттің шығуын Ежелгі Мысырмен байланыстырады. Негізін қалаушы дәрігер-невропотолог Уильям Риверс ағылшын диффузионизмінің өкілі болып табылады. Еңбегі: «Меланезия қоғамының тарихы». Эволюциялизммен диффузионизмнің ортасын қарастырды. Эллиот-Смит мәйітті мумиялау, күнге, отқа, жыланға табыну, пұтарды жасау, тоқыма кәсібі, сүндетке отырғызу, құлақты тесу және созу салты.
3. Функционализм.
Функциянализм ілімі: Англиядағы әлеуметтану мектебінің идеялық жалғасы және оның принциптерінің дамуы. Бронислав Малиновский ХІХғ аяғы ХХғ бірінші жартысы. Еңбегі:
• «Тынық мұхитының батыс бөліктерінің аргонафтары»
• «Тағылық қоғамдағы қылмыспен әдет- ғұрып»
• «Мәдениет теориясы»
4.Қазіргі этнология.
Француз әлеуметтану мектебі. Бұл ағымның ірі өкілі және негізін қалаушы-философ, педагок, әлеуметтанушы Эмиль Дюркгейм 1858-1917 жж өмір сүрді. Қоғамның аһуалын, жалпы адамзаттық қоғамды емес, нақты адамзат бірлестігін зерттейді. Олардың әрқайсын дербес, басқа тәуелсіз бірлік ретінде қарастырды. Дюркгейм «жеке қоғамдар» үлгілерін жасауда оның негізін алғашқы орда, ру тәрізді ең қарапайым қоғамды алды.
Американдық мектеп. ХІХғ. аяғы АҚШ-та эволюционистік бағыттан басқа тарихи этнологияның «Американдық мектебі» деп аталған Франс Боас негізін құрған мектеп пайда болды. Ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық істермен де айналысты, отаршылдық, нацизм, алалаушылыққа қарсы шықты. Ғылымның жалпы міндеті әлеуметтік өмір құбылыстарының барлық жиынтығын (тіл, әдет-ғұрыптар, көші-қон, физикалық белгілер) зерттеу болып табылады және бұл зерттеу жалпы алғанда тек өркениетті ұлттардың ғана емес, барлық адамзат баласы тарихының мұз дәуірінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі бүкіл кезеңдерін, яғни «адамзаттың тарихын» жасап шығу. Бұл үшін әрбір жеке халықтың тарихын оның ұлттық ерекшеліктерімен қоса алып зерттеу қажет.
Релиятивизм- барлық моральдық белгілердің салыстырмалы екенің және барлық халықтың мәдениетін салыстыруға келмейді.
5. Ресей этнологиясының дамуы.
ХІХ ғасырдың 40 жылдары К.М. Бэр, Н.И. Надеждин, К.Д. Кавелин деген орыс ғалымдары этнография ғылымынң негізін қалады. Бұлар Орыс география қоғамыны этнография бөлімінің мүшелері еді.
Орыс география қоғамыны құрылтайшысы Н.И. Надеждин (1804-1856), ол 1848 жылдан этнография бөлімінің басқарды. Ол орыс халқының этнографиясын зерттуді мәселе етіп көтереді. Этнографияның алдына міндеттер қойып, негізгі үш бағытын тілін, физикалық этнографиясын және психикалық этнографиясын қояды.
Этнография және этнология ғылымының қалыптасуы мен дамуына академик Д.Н. Анучин 1843-1923 жж. Өз үлесін қосты. Ол Мәскеу университетінде антропология кафедрасын құрып, басқарады. Сонымен қатар Этнология курсынан лекция оқыды.
Н.Н. Миклухо-Маклай 1846-1888 жж. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және мұхит аралдарының жергілікті халықтарын зерттеді.
Орыс этнография ғылымына ағалы-қарындасты Н.Н. Харузин және В.Н. Харузин өз үлестерін қосты. Н.Н. Харузин Мәскеу және Лазерев институттарында этнография курсынан сабақ берді. Фин, түрік, монғол халықтарына арналды. Қайтыс болғаннан кейін Этнография деген жалпы атаумен жарыққа шықты. В.Н. Харузин діни сенім және фольклор мен айналысты. Мәскеу археология институтында этнографи курсынан сабақ берді.
Әдебиет:
Негізгі

Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994
Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана
Садохин А.П. Этнология. М.2004.
Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.
Қосымша
Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.