Балықтардың жүрек-тамыр жүйесі

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 1183

Балықтардың жүрек-тамыр жүйесі дәріс сабақ жоспары

Балықтардың жүрек-тамыр жүйесі дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы: Балықтардың жүрек- тамыр жүйесі.
Жоспар:

Балықтар қанының құрамы мен қызметі


Балықтартың қан құрайтын органдары


Балықтартың қан айналу жүйесі


Балықтардың лимфатикалық жүйесі


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.
2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969
3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.
4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.
5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.
6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002
Қосымша:
7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.
8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб
9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941
10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.
11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.
12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983.
Лекция мәтіні:
Қан ағзаның ішкі ортасы болып саналады. Қан әр түрлі қызметтер атқарады. 1)Ағзаға
Коректік заттар мен оттегіні таратады. 2) Балық ағзасын ыдырау өнімдерінен тазартады. 3) Ішкі секреция бездерінің гормондарын қажетті органдарға жеткізеді.
Балықтардың қаны дене салмағының 1,5 % нен- 7% дейінгі мөлшерін құрайды. Балдықтардың қаны негізгі 2 бөлімнен тұрады. 1) плазмадан. 2) қанның клеткаларынан қанның плазмасы –сұйық бөлімі болып саналады. Құрамына су, органикалық заттар кіреді. Қанның клеткаларына: эритроциттер (қанның қызыл клеткалары), лейкоциттер (қанның ақ клеткалары) және тромбоциттер (қанның пластинкалары).Эритроциттер – ядросы бар қызыл клеткалар. 1 мм 3-90 мың, ал кейбіреулерінде 1мм3 –2млн дейін болады.
Эритроциттердің мөлшері балықтың жасына, жынысына, тіршілік жағдайына байланысты.
Көпшілік балықтардың қаны қызыл, ол эритроциттердің құрамында гемоглабин белогіне байланысты. Кейбір балықтарда қан түссіз, ақ болып келеді. Эритроциттер мөлшері өте аз болып келеді.
Ленйкоциттердің негізгі жұмысы – ағзаны зиянды заттардан қорғау, микроорганизмдерді жою. Лейкоциттер. өте көп, бірақ тұрақсыз. Ол балықтардың жасына, жынысына, ағзаның физиологиялық жағдайына байланысты.
Орта есеппен алғанда 1мм3-30мың , 50 мың дейін лейкоциттер болады. Лейкоциттерден қанға түскен микроорганизмдерді жоюды –фагоцитоз деп атайды. Тромбоциттер-ядросы бар клеткалар. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер құрамында фибриноген белогі бар. Бұл белок қанның ұю процессіне қатысады.
Қан үнемі қозғалыста болады. Қанның қозғалуына негізгі себеп жүректің тоқтаусыз жұмысы. Балықтардың жүрегі 2- камералы. 1) Жұқа қабырғалы-жүрекше (құлақша). 2) қалың етті-қарынша.
Кейбір балықтарда мысалы алабұғада веноз қолтығын есептеп жүрегіне үш камералы деп есептейді. Қарынша, жүрекше және веноз қолтығы:
Жүректің бөлімдерінің тесіктерінде клапандар болады, олар қанды кері қарай жібермей тұрады.
Балықтың жүрегі кішкентай. Салмағы дене салмағының 0,1-2,5 % ғана мөлшерін алады.
Дөңгелекауыздылар мен балықтардың жүрегінде тек веноздық қан болады. Балықтың жүрегі 1 мин-25 рет соғады. Судың температурасы көтерілгенде жүректің соғуы артады, ал төмендегенде азаяды. (төмендейді).
Балықтардың қан айналу жүйесі тұйық. Жүрекке баратын қан тамырлары –вена тамырлары. Желбезекте қан тотығады. Жүрекше арнайы вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға артериальдық конус жалғасады. Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артериалды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериаларды алып кетуші артериялар деп атайды.
Артерия қаны жүрекке ссоқпай, денеге тікелей желбезектен таралады. Қан тамырларымен жай жүреді, тотығу процессі жай және нашар жүруіне байланысты оттегіне онша бай болмайды. Сондықтан балықтардың дене температурасы жоғары болмайды, өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда балық денесінің температурасы төмендейді, ал жылы суда – көтеріледі. Балықтарда екі қақпа жүйесі болады. 1)бүйрек қақпа жүйесі. 2) Бауыр қақпа жүйесі.
Сүйекті балықтарда басқа балықтарға қарағанда қан айналу жүйесіндегі ерекшелік мынада. Тіл асты желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп қан әкелуші желбезек артериаларының төрт пары ғана сақталған. Сондықтан сүйекті балықтарда қане әкететін желбезек артериаларының төрт-ақ пары болады. Олар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және артжағынан сабақталып бір бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Қан айналудың нәтижесінде балықтар ағзасында тіршілік процессі жүреді. Ішкі жүйелер мен мүшелердің қызметі атқарылады.
Балықтардың қан құрайтын органдарына –сүйектің қызыл майы, лимфа түйіндері, ткөкбауыр (талақ) және тимус немесе алқым безі. Балықта қан құрайтын органдарға қан тамырларының қабырғалары да қатысады.
Мысалы: бекірелерде қанның құралуы негізінен сопақша мида мен мишықтың үстіндегі шеміршекте орналасқан лимфондты органда болады. Басқа балықтарда қан құрауы – бас бүйректе, көкбауырда, тиму, желбезек аппаратында жүреді.
Көкбауырда – эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер құралады және тіршілік әрекетін жойған эритроциттер ыдырайды.
Қан клеткалары белгілі мерзімде тіршілік әрекетін жасағаннан кейін жойылады, оның орнына жаңа клеткалар пайда болады.
Балықтарда лимфатикалық жүйе де қалыптасқан. Қан айналу жүйесіне қарағанда, лимфатикалық жүйе ашық болып келеді. Лимфаның құрамы қанның плазмасына ұқсас. Капилярлармен қан аққанда оның плазмасының оттегі және нәрлі заттары бар бөлігі капилярлардан шығып, клеткаларды қоршайтын, ткань сұйығын құрайды.
Зат алмасудың қалдығы бар лимфаның бөлігі қайтадан капилярға өтеді, ал қалған бөлігі лимфатикаклық капилярларға өтіп лифа деп аталады. Лимфа түссіз, қанның арнаулы элементтерінен тек лимфоциттер болады.
Балықтардың ең ірі лимфатикалық тамырлары жұп омыртқаасты-арқа қалқасының екі жанында құйрықтан басқа дейін созылады, бүйір лимфатикалық тамырлар – тері бүйір сызығы бойымен созылған.
Лимфаның ағуына кеуде етінің қызметі мен тыныс алу қозғалыстары көмектеседі