Балықтардың қаңқасы

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 1159

Балықтардың қаңқасы дәріс сабақ жоспары

Балықтардың қаңқасы дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы: Балықтардың қаңқасы.
Жоспар:

Балықтардың бас қаңқасы


Балықтардың құрылысы мен ерекшелігі


Балықтардың тірек қаңқасы


Балықтардың қанаттар және олардың белдеулері


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі
1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.
2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969
3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.
4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.
5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.
6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002
Қосымша:
7.Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.
8.Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб
9.Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941
10.Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.
11.Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.
12.Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
Лекция мәтіні
Балықтың қаңқасы сүйеніш, қорғаныш және қозғалыс қызметтерін атқарады.
Дененің пішінін, кеңстіктегі қалпын анықтайды. Қаңқа ішкі органдарды қорғайды.
Қаңқа бұлшық еттер мен бірігіп қозғалу процесстерін орындайды.
Балықтардың қаңқасы сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қаңқа барлық уақытта сүйектен тұрады. Балықтардың ішкі қаңқасы тірек, бас, жұп қанаттардың белдеуі мен тақ қанаттар бекитін суйектер.
Бас қаңқасы екі бөлімнен тұрады ми сауыты мен висцеральді бөлімнен. Ми сауыты мидың және кұрделі сезім мұшелерінің қорғанышы. Жақтар мен желбезек аппаратының таянышы. Бас сүйегі тері және шеміршек тектес сүйектерден құралған. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден құралған.Ми сауытының артқы бөлімі , қарақұс тесігінің көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Шүйде сүйегі, парлы бүйір сүйегі, жоғарғы шүйде сүйектері ми сауытында орналасқан. Есіту капсуласының маңында, бас сүйегінің екі жағында бес- бестен құлақ сүйегі болады. Көз бөлімі сына тәрізді сүйектерден құралған. Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды.Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен , жұп төбе сүйектерінен құралған. Барлық бас сүйегінің тұбін – парасфеноид және оның алдыңғы жағында өре сүйегі құрайды.
Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральді скелет құрылады. Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері шеміршекті сүйектерден құралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлімі гиомандибуляре деген сүйектен құралған. Бұған шаршы сүйекпен бұындасып тұратын симплектикум келіп ұштасады. Гиомандибуляре симплектикуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептеледі. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді.Желбезек қақпағы гиомандибуляр сүйегіне келіп бекиді. Желбезек шатыры төрт сүйектен құралған.
Тірек қаңқасы –бұл хорда немесе омыртқа жотасы. Хорда серпімді және майысқақ тіканнен құралған. Хорда ересек бүтінбастыларда, қостыныстыларда және шеміршекті балықтарда сақталған. Көпшілік балықтардың арқа желісі омыртқалардан құралған, бұл екі бөлімге жіктеледі. 1-қабырғалар бекіген кеуде.2-қабырғалары жоқ құйрық омыртқалары. Омыртқа ортасында хорда сақталады. Әрбір омыртқа, омыртқа денесінен, оның үстіңгі жүйке доғасынан және бұл доға жоғарғы істік өсінді болып аяқталады.Омыртқа жотасының соңғы омыртқалары өзгеріп жалпақ сүйектерге айналған. Балықтардың омыртқасының саны әртүрлі. Мысалы ай балықта-17, атлант майшабағында-57 болады.
Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды., ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанатты сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден барып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі сүйекті балықтарда нашар дамыған және ол кішірек «жауырын» мен каракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеу келіп бекиді. Бұл белдедің сүйектерінің ішінде ең ірісі, орақ тәрізді- клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсаұ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасқан.
Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектерден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластинкадан тұрады.
Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып есептеледі.
Шеміршекті балықтардың мен бекрелердің құйрық қанаты гетероцеркальді болып келеді. Жұп қанаттар бос қанаттың қаңқасы және оның белдеуінен құралған.
Құрсақ қанаттарының белдуі, немесе жамбас белдуі , балықтарда тірек қаңқасымен байланыспаған. Бекіретәрізділердің кеуде қанатының белдеуі, немесе жамбас белдуі шеміршектен және жабынды сүйектерден құралған.шеміршекті белдеуде бірнеше бөлімдерді ажыратады.
Нағыз сүйекті балықтардың йық белдеуі сүйекті, онда жаурын, коракоид, клейтрумның үш сүйегі және самай арты сүйек болады. Балықтардың жұп қанаттары биссериальді, унисериальды, және қарапайым типті. Балықтардың жұп қанаттарына – кеуде мен құрсақ қанаттары жатады. Тақтарға- арқа, аналь немесе құйрық асты және құйрық қанаттары жатады. Балықтардың қаңқасы дене құрылысының биологиялық және физиологиялық жағдайына байланысты болады. Балықтардың ағзасы өсе келе скелеті қатая береді. Қаңқа балықтардың ішкі органдарын қорғайды, денеге бір форманы беріп тұрады, бұлшық еттердің бекінуіне мүмкіндік береді. Қаңқаның әр бір бөлігі орналасқан орнына қарай қызмет атқарады.. Балықтар денесінің скелеті олардың тіршілік әректіне байланысты.