Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасы

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 7019

Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасы семинар сабақ жоспары. Австралия және Океания халықтары.

Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасы семинар сабақ жоспары.

Австралия және Океания халықтары
Семинар сабағының мақсаты:
Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасымен танысу
Негізгі түсініктер: Абориген, австралия тілдері, «унгуд».
Семинар сабағының тапсырмалары:
Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.
Сұрақтар:

Австралия, Меланезия, Микронезия, Полинезия

Австралия және Мүхиттың Азия халықтары этногенезінің мәселелері мен осы аймақ халықтарының этникалық тарихының негізгі кезеңдері. Австралия мен Мұхиттың аралдарға европалықтардың енуі және оның зардаптары

Австралия халқы

Антропологиялық сипатгама. Австралия мен Тасманияның негізгі халықтарының тілі. Шаруашылығы: аң аулау, терімшілік жөне балық аулау. Материалдық мәдениеті. Қоғамдық қүрылысы және әлеуметтік кұрылымы: тайпа, фратрия, ру, некелік топтар, локалдық топтар. Австралия мен Тасмания аборигендерінің діні: тотемизм, анимизм, мана және т.б. Халық шығармашылығы жөне көркем өнері.

Меланезия және Микронезия халықтары

Тілдік құрамы, нәсілі. Шаруашылық-мәдени типтері: қол егіншілігі, өртемелі-шабындық егістігі, балық аулау. Материалдық мәдениет. Қоғамдық қүрылысы. Дәстүрлі діні. Фольклор, көркем және музыка өнері.

Полинезия халқы

Антропологиялық және тілдік кұрамы. Шаруашылығы: қол егіншілігі жөне балық аулау. Дәстүрлі косібі. Баспана. Киімі. Әлеуметгік жіктеу. Меншік түрлері. Діні. Мектеп. Халық шығармашылығы. Музыка өнері.
Мазмұны:
1. Австралия және Океанияның тарихи мәдени аудандастырылуы.
Австралия мен Мұхит халықтары.
Австралия мен Мұхит төрт аймақтан тұрады: Австралия мен Тасмания; Мелонезия мен Жаңа Гвинея; Полинезия мен Жаңа Зеландия және Микронезия.
Австралия мен Тасмания
Антарктиданы қоспағанда Австралия Жер шарының басқа құрлықтарынан бөлек орналасқанн. Оны мұхиттар мен теңіздер қоршап жатыр. Бұл жерге ең жақын тұрғаны солтүстіктегі Малай арзипелагтары. Осы архипелагтармен көптеген аралдар арқылы Австралия Оңтүстік Шығыс Азиямен байланысып жатады. Австралияның жер көлемі 7,7 млн. шаршы шақырым шамасында. Жер бедері біркелкі, аса биік таулары жоқтың қасы.
Тасмания аралы да Австралияның оңтүстік шығысына жақын орналасқан. Жер көлемі 68 мың шаршы шақырымға жуық. Геологиялық құрылысы бойынша ерте заманда Австралия құрлығы мен Тасмания бір болған. Тасманияның төңірегінде алғаш рет 1798 жылы Флиндереом және Бассом жүзіп келіп, осы аралдың бар екенін анықтаған. Оң жағасы көптеген шығанақтармен қоршалған. Тасмания аралын солтүстіктен оңтүстікке қарай екі тау жотасы басып өтеді. Бұл тау жоталары өсімдікке бай, оның бөктерлерінде ормандар көп. Климаты қоңыржай, дымқыл. Қыста жиі –жиі қар жауып тұрады.
Австралияның климаты тропикалық, субтропикалық, қоңыржай болып келеді. Тек оның шығыс және орталығында шөлді дала кездеседі. Олардың көлемі онша көп емес. Австралияда өзен мен көлдер көп емес.Ондағы ең үлкен өзен-Муррей-Дарлинг. Одан басқа да Виктория Орд, Балонн, Барку т.б. өзендер бар. Өзендері онша ұзын емес. Олардың көпшілігі жаңбыр аз жауған кездері құрғап өқалады. Бұл жердегі ұлкен-кішілі көлдердің жалпы саны 763-ке жетеді.
Австралия мен Тасмания аудандарының табиғи-географиялық жағдайларына бейімделген әртүрлі өсімдіктер өседі. Бұл жерлердерді климаттық жағынан бірнеше аймақтарға бөлуге болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарында қалың жасыл тропиктік орман болады. Бұл жерлерде: пальма, фикус арауктар, эфкалипт, акация, казуарин(темір ағашы) т.б. өседі. Австралияда эфкалипттің 150-ден, астам түрлері кездеседі. Австралияның шығысынан батысына қарай жүрген сайын ормандар, ағаштар сиреңкіреп барып, оның орта жеріндегі сахаралық шөл, шөлейт жерлерде мүлде ағаштар өспейді. Олардың ішіндегі ірі шөлдерде: Симпсон, Үлкен Виктория шөлі, Гиссон, Үлкен Құмды шөл.
Австралияда жануарлар әлемі де онша көп емес. Жергілікті жануарларда: кенгуру, вомбат(кеміруші), коал(қалталы аю);құстардан: тауық, эмо түйеқұсы, лира-құсы және т.б.Әртүрлі құрт-құмырсқалар, жабайы ара, бал құмырсқасы, қоңыз, балықтар, омыртқасыздар жергілікті австралиялықтар Жер бетіндегі қыбырлап жүрген осы жан-жануарлардың бәрін тамақ етеді.
Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеушілердің нәтижесінде Авсралияның жерасты байлықтарының көп екені байқалып отыр. Бұл құрлықтың: тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ , уран, темір, мыс, қалайы, хром және т.б. кен көздері бар.
1901жылдың 1қаңтарынан бастап Австралия өз алдына ерікті федеративтік мемлекет болып, Британиямен қарым-қатынастағы ел болып есептеледі. Халқының 97,1 %-ы қалада орналасқан. Олар құрлыққа біркелкі таралмаған. Жер шарының тарихи-географиялық қолайлылығына қарап, адамдардың көпшілігі Австралияның шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік –батыс жақтарында тығызырақ орналасқан.
Австралия мен Тасмания осы күнгі халықтың басым көпшілігі еуропалықтардың, оның ішінде ағылшындардың ұрпақтарынан қрлыған. Аборигендердің Еуропадан келген отаршылдармен соғыстарынан нәтижесінде олардың көбі қырылған. Тірі қалғандарды шөл, құнарсыз жерлерге ығыстырып шығарған. ХІХ ғасырдың 70 жылында ең соңғы тасмандық –Уилльям Лэннин қайтыс болған.
2.Австралия және Тасмания халықтары.
Австралиялықтардың ата-бабалары бұл құрлыққа қайдан және қашан келген? Бұл мәселеге Австралия мен мұхитты ерттеген әр елдің ғалымдары бұл жөнінде көптеген пікірлерін қалдырған. Солардың бірі ол 1819-1821 жылдары антарктикалық экспедициясына қатысқан орыстың ғалымы И.М. Симонов. Бұл кісі австралиялықтардың ата-бабалары индиялықтардың төменгі кастасынан шыққан болу керек деген болжау айтады. 1847 жылы ағылшын антропологы Дж. Причард австралиялықтарды зерттеп, олар ертедегі мұхиттық аборигендердің қалдықтары болу керек деген пікірді білдірген. 1870 жылы әйгілі орыс ғалымы , саяхатшы Н.Н. Миклухо-Маклай да бұл құрлық халықтарының арасында болып, тұрғындардың тұрмыс мәдениетімен танысады, ғылымға керекті деректер жинайды. Н.Н. Миклухо-Маклай Австралияның көп жерлерін аралап, аборигендердің антропологиялық және тұрмыс жағынан біркелкі екенін байқаған. Австралиялық нәсілдің негізгі белгілері: түсі қара-қоңыр, шүаштары бұйра, беттері мен денелерінде түк көп өспейді, мұрындары жалпақ, жақ сүйектері қусырыңқы, бойлары ортадан жоғары. Бұл айтылған антропологиялық белгілерді австралиялықтардың басым көпшілігінен байқауға болады.
Тасмандықтардың пайда болуы өте нашар зерттелінген. Антропологиялық жағынан тасмандықтар меланезиялықтарға ұқсас. Австралиялықтардың шаруашылығы- күн көріп, тіршілік етуге бейімделінген. Олар аң аулап, құрт-құмырсқа , өсімдіктердің дәндерін жинап және теңіз жағалаулары мен көлдерден балық ұстаған. Аңшылық аборигендердің өміріндегі басты кәсібі болып табылады. Негізгі құралдары: найза, найзаны лақтыруға қолданылатын темірдер істелінген атқы тақта, бумерангтар. Осы құралдардың жәрдемімен австралиялықтар жердегі жүретін аңдарды ғана емес, ұшқан құстарды да ұстай берген. Кенгурудан кейінгі үлкен аңдардың бірі- эмо түйеқұсы. Ол- өте жүйрік құс. Бірақ эмоны аборигендер алдап ұстайды. Австралиялықтар жоғарыда көрсетілген ірі аңдармен қоса інді мекендеуші, бауырымен жорғалаушыларды да аулаған. Олады көбінесе әйелдер мен балалар ұстаған.
Балықшылық Австралия тұрғындарының өмірінде үлкен орын алады. Балықты шанышқы, қармақ, тор,сүңгі және т.б. құралдармен аулаған. Балық аулаудың бірнеше жолдары мен тәсілдері болған. Көп адамдар бірігіп, балықтарды судың таяздау жеріне үркітңп әкеліп, қолдарымен ұстаған. Австралия тұрғындары біздің түсінігіміздегідей егіншілікті білмесе де, әртүрлі өсімдіктерді жинап, олардан күнделікті тамақтар дайындаған. Себебі, бір аңшылықпен күн көру қиын болған. Егер де аңшыларлдың кейбір сапарлары сәтсіз болса, олардың отбасы тарығып, аш болып қалу мүмкін. Сондықтан австралиялықтар басқа да қорек түрлерін жинаушылықпен кең көлемде айналысқан. Жинаушылықтың көбірек орын алған жері құрлықтың –шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жақтары Олардың қонысы мен үйлері жөнінде этнографтардың ортасында дұрыс пікір болмай, олар жергілікті тұрғындарды үйсіз-күйсіз көшіп жүрген деп жазып жүрді. Жергілікті халықтардың тұрмысын жақсыра үйренудің нәтижесінде австралиялықтардың өздеріне тән үйлердің болғандығы байқалған. Олардың негізгі үйлері күркелер мен лашықтар болып келеді.
Австралиялықтар көлік дегенді білмеген. Олар жаяу жүріп-ақ көшіп қонған. Теңіз, мұхит және өзен алқаптарында тұрғындардың қайығы мен салы болған. Қайықты ірі ағаштардың қабығынан да, ағашты ойып та істеген. Оның жарылған және бір-бірімен қосылатын жерін тіккен.
Австралиялықтардың қоғамдық құрылысын зерттеуге еуропалықтар көпке дейін көңіл бөлмей келеген.Австралияқтардың арасында мүлік теңсіздігі болмаған. Қолға түскен материалдық байлық барлық тайпаның, оның бөліктерінің мүлкі болып есептелген.Олар өзара жыныстық жағынан жеке жастарына қарай бөлінген. Ерлер ер жеткен балаларымен тұрмысқа керекті болған қару-жарақтарды істеп аңшылықпен айналысып, өз тайпаларын сырттан келген дұшпандардан қорғаған. Мұндай әдет-ғұрыптар негізінде жастарды тәрбиелеуді «инециялар» деп атайды. Австралиялықтардың арасында «фратрияға» бөлінушілік кең орын алған.Кейбір тайпаларда кімнің қандай фратрияға жататыны аналық жағынан есептелсе, кейбіреулерін ата жолымен жүргізген. Әр фратрияның муквара,Кильпар, Дилби, Купатон және т.б. сияқты жеке-жеке аттары болған. Австралиялықтар өздерінің рухани мәдениетін ерте заманнан бері дамыта білген.Аборигендердің сенімі – тотимизм, олар өздерінің ата-бабаларының рухына, өздерін қоршаған табиғи заттарға соның ішінде жан-жануарларға, әр түрлі өсімдіктерге сиынған.Кеңес этнографтарының бірі А.М.Золотарев тотимизм дегеніміз – адамдардың ертедегі ру қарым-қатынастарын қиялында сәулелендірі деп көрсетті. Тотимизммен бірге австралиялықтар әр түрлі магиялық көңіл-күйлерге сенген. Мысалы, емшілік, сүйіспеншілік, зиян келтірушілік және т.б. қасиеттердің әсеріне қатты сенген.
Австралиялықтар ауыз әдебиетін, көркем өнер мәдениетін жақсы дамыта білген.Олардың арасында ертегілер, әр түрлі аңыздар, халық өлеңдері мен музыкалар кең орын алған. Әсіресе, ән салуға аборигендер өте құмар және үлкеннен кішілеріне дейін жақсы билейді. 1901 жылдан бері Австралия Одағы Ұлыбритания империясының бір бөлшегі штаттың провасын ие болды.Австралия Одағының ұйымдасуы – Австралия ұлтының ағылшындар, ирландықтар, шотландықтар және уелстердің қоспасынан құрылып, өз іштеріне басқа жақтан келгендерді де мол қамтыды. Халықтың көбірек топталған ірі қалалары: Сидней, Мельбурн, Брисбен, Аделаид, Перта, Хобарта. Ауылдық жерлерде жалпы халықтың 10%-ы ғана мекен еткен.
3.Меланезия халықтары.
Океания халықтары. Океания үшке бөлінеді:Мелонезия және Жаңа Гвинея, Полинезия және жаңа Зеландия, Микронезия аймағынан құрылған.
Океанияның климаты ыстық экваторлық болғанымен тропиктік климатқа ұқсас келеді. Мұхиттан және теңіздерден соққан жел ыстық ауа-райын жұмсартып, тұрғындар, өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдай тудырады.Окенаия аралдары жасыл желекке бай, мәңгі көгеріп тұратын тропиктік өсімдіктер мен ормандар мол. Әсіресе, тропиктік өсімдіктер батыс, оңтүстік аралдарды көп болса, шығыс және солтүстік аралдарда сиректеу.Кейбір өсімдіктердің тұқымдары мұхит, теңіз сулары арқылы океания жерлеріне келген болуы тиіс.
Океания жан-жануарларынан бұл аралдарға жабайы шошқа, кускус, кенгуру және әр түрлі құстар мол тараған.Тек Бисмарк архипелагінде жануарлардың түрлері өте аз.
Океанияның үлкенді-кішілі аралдардың бәрінде адамдар мекендейді. Океанияның этникалық құрамын жақсырақ түсіну үшін Мелонезия, Полинезия және Микронезия аралдарына қысқаша тоқталып өтейік.
Мелонезия (гректің «мелас» - қара, «несос» - арал) – қара арал деген сөзінен шыққан. Еуропалықтар осы жердегі тұрғындардың сыртқы түсіне қарап, олардың мекендеген аралдарына да «қара» деп ат қойған.Мелонезияда папуастар мен милонезиялықтар тіршілік етеді.Олар өздерінң нәсілдік белгілері бойынша австронегроидтыққа жатады.
Полинезия - грекше «поли» - «көп», яғни көп аралдан құрылған ел деген мағына береді.Олардың ең ірілері Жаңа Зеландия, Самоа, Гавай, Тонга және т.б. жатады.Отаршылар келгенге дейін бұл жерлерде 1,1 млн. адам тұрған болса, қазір не барі 450 мың тұрғын қалған.
Микронезия – грекше «микро» «кішкентай, кішігірім» көптеген аралдар жиынтығы.океанияның солтүстігінде орналасқан.Бұл аралдардың тұрғындары – полинезиялықтардың, милонезиялықтардың қосылуынан шыққан будандар.
Сөйтіп, Океания халықтарының этникалық құрамы жергілікті тұрғындармен бірге Еуропа,Азия, Америка және т.б. жерлерден келген адамдардан құралған.
Мелонезия мен Жаңа Гвинея халықтары
Меланизияға қарайтын үлкенді-кішілі аралдардың барлығына ел ертеден мекендеген.18 ғасырдың ақырындағы мағұлұматқа қарағанда, Мелонезияда шамамен жергілікті халықтардың саны 1,5 млн-ға жеткен. Кеңес антропологтарның, соның ішінде Я.Я.Рогинский мен Н.П.Чебоксаровтардың пікір бойынша, Мелонезилықтар экваторлық, негро-австралиялық нәсілге жатқызады.
Жаңа Гвенияның тұрғындарын этнографиялық тұрғыдан терең зерттеген Н.Н.Миклухо-Маклай. Оның еңбектерінде Мелонезияның аборигендерінің тарихы, сан-салалы тұрмыстары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және мәдениеті ғылыми негізде қарастырылған.Аборигендердің антропологиялық белгілері: шаштары бұйра, түстері күңгірт қоңыр, мұрындары жалпақ, еріндері қалыңырақ.
Мелонезиялықтардың антропологиялық ерекшелігіне қарай отырып, оларды төрт бөлуге болады: 1) аласа бойлы негроидтық (олар Жаңа Гвинеяның ішкі аудандарының тұрғындары); 2) негізгі меланезиялықтар; 3) Жаңа Каледондықтар; 4)Папуастар.
Мелонезиялықтардың этникалық дамуына ру-тайпалық тұрмыс өзінің қолайсыз әсерін тигізген.Мелонезия аборигендерінің тілін екіге бөлуге болады. Олар мелонезия мен папуас тілері. Папуас тілдері Жаңа Гвинеяның ішкі бөлігіне, аралдың батыс жартысынан және оның жағалауларына жараған. Папуас тілдері ертеректе Мелонезияның басқа да аралдарын мекендеушілердің араларына, сондай-ақ Жаңа Британия, кейбір Соломон аралдарына таралған болуы тиіс.
Мелонезилықтардың тілдері – полинезиялықтардың, микронезиялықтардың және индонезиялықтардың тілдерімен туысқан тіл. Кейінгі жылдарда Кодрингтон Реед пен А.Капперлер мелонезия тілін көбірек үйренуге енбек еткендіктен олардың еңбектерінде мелонезиялықтардың тілдері жөнінде бағалы деректер бар.
Мелонезия аборигендері егіншілікпен өте жақсы айналыса білген.Олар егін егуге жарайтын алақандай бос жер қалдырмайды.Аборигендердің пікірі бойынша, жер шарындағы жалықтардың ішінде егіншілікпен айналыса алмайтын ел жоқ.Бұлардың өсімдік өсіретін плантациялары еуропалықтарды таң қалдырған.
Мелонезилықтардың егіншілігі тропикалық табиғи- географиялық жағдайына бейімделген.Бұл өсімдіктер барлық жерге тарамаған. Себебі әртүрлі өсімдіктер өздеріне қолайлы жерге ғана жақсы өсетіні белгілі. Меланезиялықтардың егін шаруашылығы пайдаланатын өздеріне керектіқұралдары болған. Олардың ішінде неолит заманынан келе жатқан тас балта, тас пышақ сияқты әртүрлі тас құралдар бар.
Балық аулау кәсібі мелонезиялықтардың тұрмысына елеулі орын алады. Олар балықты өзен-көлдерде, теңіздерден де аулаған. Балық аулаушылықпен тек ерлер айналысады. Балықты тормен, қармақпен, сүңгімен аулайды.
Мелонезия аралдарында жабайы жануарлар жоқтың қасы. Тек ірі аралдарда жабайы шошқа мен жабайыланған иттер ғана болды.
Еуропалықтар келгенге дейін мелонезиялықтар адамды елітетін есірткілік сусындарды ішпеген. Кейінгі кездері есірткілік «каваң», «бетель» сусын әзірлеуді үйренген.Кава сусынын өсімдіктің тамырын қазып аладыда, оны ұсақтаған соң, бір ыдысқа жинап су құйып ашытқан.
Мелонезилықтардың негізгі шаруашылығы егіншілік болғандықтан, аборигендер ерте заманнан бері отырықшы деревняларды мекендеген. Мелонезилықтар барлық жерде үйлерді біркелкі етіп салады. Жуан ағаштардан тіреулер қойып, төбесін бамбук және пальма ағашының жапыр ақтарымен су өтпейтін етіп жабады.
Мелонезилықтардың тұрмысына кең пайдаланылатын басты көліктері – қайық. . Қайықты ірі ағаштардың қабығынан да, ағашты ойып та істеген.Оның жарылған және бір-бірімен қосылатын жерін тіккен.
Мелонезилықтар киімнен гөрі денелерін әсемдеуге көбірек көңіл бөледі. Мұрын желбезегіне қыстыратын шыбық, иттің тісінен тізіп істеген моншақтар, бамбук ағашын жасалған тарақ, теңіз малюскасының қабыршағынан жасалған білезіктер,сырғалар т.б. сол сияқты көптеген әсемдік заттарын пайдаланады.
Мелонезиялықтардың арасында матриархат пен патриархат дәстүрі қатар өмір сүрген.Мысалы, Жаңа Гвинеяда, жаңа Каледонияның оңтүстік-шығысында, Фиджи, Жаңа Гебридтің оңтүстігінде патриархат дәстүр үстемдік етсе, Меланезияның Соломонв, Ваникор, Банкс және т.б. қалған аралдарында жұртты мариархат басқарған.
Мелонезиялықтардың отбасы ынтымақты болған. Бірақ отбасында экономикалық дербестік болмаған соң көп әйел алуға рұқсат етілген. Кейбіреулерінің әйелдерінің саны 30-60-қа жеткен. Мелонезиялықтар жасбалаларын есейгенше өздерінің жанында тәрбиелеп ұлдарды ер жеткен кезде, олардың ерлердің үйлеріне апарып қосқан.
Мелонезиялықтрдың рухани мәдениетіне тоқталсақ олардың ортасында Жаратушыға сену күшті болған. Сонымен бірге, аборигендер Жаратылыстың құбылыстарына, белгілі адамдардың рухына, ру, тайпа көсемдеріне, әсіресе, одақ көсемдеріне сыйынған және олардың дәрежесін үнемі көтермелеп, дәріптеп отырған. Ел арасында тәуіптер (знахарлар) көп болған.
Аборигендер «ұшатын сиқыршыдан» қатты қорқып, оның пері, албасты («вуьм») деп түсінген. Бұл сиқыршыны әйкумдер, «попова» дп атаған.Поповалар әйелдерден шығып, олар теңізде өлген адамдардың етін жеген, қыздарын кішкентайынан тәуіптікке тәрбиелеген. Тұрмыстың дамуына ру, тайпа көсемдері өлгеннен кейін, оны сол рудың құдайы деп те санаған.
Халық медицинасында массаж жасау, қан алу, оташылық әр түрлі шөптерден дәрі даярлау істері көбірек тараған. Керек десе, адамның бас сүйегін тесіп, ішіне дәрі жіберіп емдейтін дәрежеге жеткен.
Фиджи аралына бірінші болып ХІХғасырдың 30 жылдарында еуропалықтар келген. Миссионерлер болып келген олардың көпшілігі жергілікті тайпаларды, руларды өзара өшіктіріп, оларға басқа мылтық және тағы басқа қару-жарақтар берген.Аборигендердің көбірек сақталған жері – Жаңа Гвинея. Мұнда екі милионнан астам папуастар тұрады.
Мелонезияны отарлаудың өзінше ерекшелігі болған. Еуропалықтар келгенге дейін Мелонезия аралдарында көптеген жергілікті адамдар тұрып, олар өздерінің тарихи дамуы бойынша алғашқы қоғам құрылыстарында тіршілік еткен, содан да олар адамның адамды қанатынын жақсы түсінбегендіктен де еуропалықтардың қанай бастағанына аборигендер қатты қарсылық көрсеткен. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, жергілікті халықтың саны өте азайып кетті. Осы кезде 80 мыңдай болған Жаңа Каледониялықтардың жалпы саны 37 мыңға төмендеді. Еуропалықтардың саны өсіп, 28 мыңға, Азиаттардың саны 8 мыңға жеткен.
Меланезия аралдары жер асты байлықтарына, әр түрлі минералдарға бай. Мысалы, Жаңа Гвинейде: мұнай, алтын, теңіз маржаны басқа да байлықтар өндіріледі. Жаңа Гвинейде саяси-экономикалық толқулар болса, бұл аралдың батыс бөлігінде папуас пен мелонезиялықтардың ұлт-азаттық күрестің жеңіске жетуі, мелонезия, соның ішінде Жаңа Гиней халықтарын жігерлендіре түсті.
Әдебиет:
Негізгі
Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994
Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана
Садохин А.П. Этнология. М.2004.
Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.
Қосымша
Австралия, Океания, Антрактида // Сер. «Страны и народы». М.,1981.
Артемова О.В. Личность и социальные нормы в раннепервобытной общине по австралийским этнографическим данным . М.,1987.
Бутиков Н.А. Папуасы Новой Гвинеи (хозяйство, общественный строй). М.,1988.
Кабо. В.Р. Происхождение и ранняя история аборигенов Австралии. М.,1968.
Пучков П.И. Население Океании. М.,1967.
Пучков П.И. Формирование населения Меланезии. М.,1968.
Пучков П.И. Этническое развитие Австралии. М.,1987.
Пучков П.И. Этническая ситуация в Океании. М.,1983.
Садохин А.П. Этнология: Учебный словарь. М.2002.