Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек

Сабақ жоспарлары

  • 25.12.2016
  • 1211

Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек дәріс оқу жоспары

Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек дәріс оқу жоспары


Қазақтың ауызша тарихы – тарихи дерек.
Кілтті сөздер
Ауыз әдебиеті, фольклор, шежіре, ауызша тарих, жыр, ертегі, аңыз-әңгіме.
Талқыланатын сұрақтар

Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек


Шежіре – тарихи дерек


Мақсаты: Ауыз әдебиеті және шежіреге түсініктемесіне тоқталып, жанрларын қарастыру.
1. Халық ауыз әдебиеті – тарихи дерек.
Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk – халық, Iore- оқулығымен деген мағына білдіреді. Бұл термин 1843ж. Ағылшын археологы Джон Томсом ойлап тапты. 1879 жылдан бері ресми айналымда. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз әңгімелер, өлең жырлар жатады. Бұлар халықтың ортақ туындысына айналып отырған. Бұл ұзақ процестерге созылған. Қалыптасуына тарихи жағдайлар себеп болды. Бұлардың әрқайсының шығу тарихы хронологиялық жағынан халықтың тарихы, санасы тұрмыс тіршілігі, орнын білдіреді. Сондықтан ауыз әдебиеті деректердің қатарынан орын алады. Ауыз әдебиетінің жанырлары: Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдері- жырлары, шешендік сөздер, эпостар, айтыстар, өлеңдер.
Ертегі – халықтың шығарған көркем әңгімесі. Ол қола дәуірінен басталып, қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Бұлар,қиял-ғажайып, тұрмыс салт, жануарлар шыншыл ертегілер болып бөлінеді.Миф- Мифология дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтің ғылым.
Мифология – адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы. Аңыз- халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме. Ел ауызындағы ертегі аңыз. Аты жыр, Халқымыздың мақтанышы батыр ұл. Мерекелі, Мүшеліңді құттықтап, Сырбайыңның жазған сәлім хаты бұл.
«Естіп ем ел аузынан бір аңызды
Сол аңызды жүрегімен жыр ағызды.
Сырламай сол қалпында ұсынайын,
Кешір дос, олақ айсақ мына бізді» М.Әлімбаев.
Аңыз болды. Жақсы атағымен ел арасында тарады, жайылды. Аңыз етті. Белгілі бір оқиғаны, жағдайды әңімелеп айтты. Аңыз қылды. Әңгіме етті, сөйледі.
Мақал-мәтел. Мәнді-мағыналы аз сөзді жеткізу. Үлкен ойды жеткізу. Мақал-мәтел – дегеніміз халықтың нақыл сөздері, белгілі бір-ойды ықшам түрде, ұғымды өткір айтып, беретін сөз. Мақал-адам өмірінің тәжірбиесінен туған, қоғамдағы сан қилы құбылыстарға берілген баға, қорытынды, түйін. Бұлардың тақырыптары әр түрлі.
- Білім және ғылым туралы;
- Еңбек туралы;
- Ерлік туралы;
- Адамның қасиеттері.
Тұрмыс-салт өлеңдері жырлары.
Бақылау сұрақтары
1.Фольклор дегеніміз не? Және ол қандай түрлерге бөлінеді.
2.Эпостағы тахи шындық дегеніміз не?
3.Шежіре дегеніміз не? Және оның түрлерін білесің?

Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
История Мировой культуры. (справочник школьника) под. Ред. В.В.Спавкина ,П.В.Кашинский МГУ им.Ломоносова 1996 ж.
Абай Құнанбаев шығармалары . 1957 1,2 кітап.
Төреқұлов Н.Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1,2 кітап. А.Жолын1993ж.
Кәлімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А.Мектеп,1986 ж.