Мерзімді басылым – тарихи дерек

Сабақ жоспарлары

  • 25.12.2016
  • 3741

Мерзімді басылым – тарихи дерек дәріс сабақ жоспары

Мерзімді басылым – тарихи дерек дәріс сабақ жоспары


Мерзімді басылым – тарихи дерек
Кілтті сөздер
Газет, журнал, мақала, репортаж, памплет, сұхбат, очерк, фельетон
Талқыланатын сұрақтар
1.Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты.
2.Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері.
Мақсаты: Қазақ баспасөзінің тарихи сипатына тоқталып, деректік мәні мен принціптерін қарастыру.

Қазақ баспасөзінің тарихи сипаты


Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары "Түркістан уалаяты" (1870-1882 ), "Дала уалаяты" (1888-1902 ) газеттері мен "Айқап" (1911-1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.
"Түркістан уалаяты" газеті әуел баста "Туркестан¬ские ведомости" газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі га¬зеттен бөлініп шығып, қазақ жөне өзбек тілдерінде шығарылды. "Түркістан уалая¬ты" газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыс-тар Түркістан өлкесінің қүрамыңца болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын алған. "Түркістан уалаяты" тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып тұрған "Дала уалаяты" газеті"Акмолинские областные ведомости" газетіне қосымша ретінде 1888 жылдан
1894 жылдың қаңтарына дейін, онан соң дербес газет болып 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарын билеген Далагенерал губернаторының органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды. Ал бейресми әлімінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелері көтерілді. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқын өнер-білімге, отырықшылыққа шақырған демократиялық идеяларын насихаттады. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет-ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жарияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.
Қазақ халқьшың әлеуметтік-саяси және мәдени емірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі - "Айқап" журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жене әдеби журналы болды. "Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізіндее дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болы. Оның ре¬дакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласыңца ай сайын шығып тұрды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде шығып түрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.
1917-1920 жылдары шығарылған газеттердің саны 20-дан асты. 1989 жылы Қазақстан бойынша баспадан 450 түрлі газет пен 94 журнал және журнал типіндегі ба-сылымдар шығып тұрды Бұлардың көптеген материалдары құнды тарихи деректер болып саналады.
Мерзімдік басылымдардың негізі — газеттер мен журналдар.
Газет
- негізінен күнделікті оқиғалар туралы ха-барлар үйымдастыру мен түрлі ақпараттық материалдар басып шығару мақсатындағы мерзімдік басылым. Ол күн сайын немесе әр аптаның белгілі күндері ғана шығып түрады.
Журнал
- түрлі саяси, ғылыми материалдардан кітап түрінде ай сайын (немесе екі айда бір, әлде үш айда бір) шығып түратын мерзімдік басылым.
Мерзімдік басылым органдарының көпшілік қабылдап қолдаған топтастырылуы кездеспейді. Әдетте оларды бір-бірінен төменгіше ажыратады:
-басылып шығу мерзімі бойынша (күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын);
-территориялық белгісі бойынша (астаналық баспа¬соз, орталық, аймақтық, жергілікті, баспасөз);
-тілі бойынша (қазақ немесе орыс газеттері мен журнаддары, шетелдік газеттер мен журнаддар);
-басып шығарушылары бойынша (ресми бас-пасөз—мемлекеттік, салалық, жеке меншік баспасөз, қоғамдық уйымдардың баспасөзі);
-басылымның мағынасы мен типтері бойынша (әдеби-қоғамдық журнал, газеттер; ресми-ведомстволық, ғылыми және арнайы; салалық; сатиралық, иллюстративтік;.
Мағынасынша немесе мақсатына қарай топтастырылған баспасөз басылымдарының саны өте көп. Олардың топтастырылуы көп жағдайда белгілі практикалық мақсаттарға байланысты болады. Бірақ ол тұтас және бірыңғай ғылыми жүйеге келтіру бола алмайды, тіпті топтастырудың өзі де емес. Мысалы, жоғарыда көрсетілген мерзімдік баспа органдары түрлерінің кейбіреулерін аталған басылымдардың басқаларына да жатқызуға болады. Ғылыми және арнайы басылымдар иллюстративтік басылым да болып келеді. Сол сияқты көптеген салалық басылымдардың органдары да тым тар шеңбердегі арнайы басылым бола алады.
Мағынасы жан-жақты мерзімдік баспасөз басылымдарының көпшілігі олардың бірыңғай нормативтік жүйесін жасау мүмкіндігін бермейді.
Сондықтан баспасөз органына, оның жеке материалдарына көңіл аударуда ең алдымен басылған материалдардың жалпы белгілерін анықтап, соның негізінде оны басылымның бір түріне жатқызып көру керек.
Деректанулық ерекшеліктеріне сәйкес баспасөз басылымдарын зерттеудің негізігі екі жолы бар: біріншісі — баспасөз органын бірыңғай дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу; екіншісі — баспасөз органынан (оргаңцарынан) тақырып бойынша дерек текстерді (олар осы орган туралы тақырыпта болмаса да) тауып алу және зерттеу. Бұл екі жолды бірінен-бірін ажыратуға жене біріне-бірін қарсы қоюға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Деректанушы тарихшы баспасөз басылымын қараудың бірінші жолында осы органның барлық жеке деректерінің топтарын анықтауға тиісті. Екінші кезекте зерттеуші жеке дерек тексті зерттеп, оны пайдалануда сол баспасөз басылымын (оның сипатын, әрбір жеке дерек тексті қамтыған мақалалардың басылуының себептері мен уақытын) тұтасымен назарынан тыс қалдырмауға міндетті.

Баспасөз материялдарының деректік мәні, оларды деректанулық талдаудың принціптері


Баспасөздің пайда болуы мен дамуы қоғамның практикалық талаптарынан туындайды. Оны әсіресе бүгінгі заманның мысалынан көруге болады. Егер қазан революциясына дейін баспасөз ақпараттың негізгі жене практикалық жүйесі ғана болып саналса, казіргі уақытта онымен бірге радио, теледидар, ақпараттық агенттіктердің барлығы ақпараттар беру институтының толық жүйесін қурайды. Олар ездерінің қоғамдық, саяси жөне әлеуметтік міндеттеріне байланысты жаппай ақпарат құралдары деп аталады. Олардың арасында баспасөз басты роль атқарады.
Баспасөздің жеке бөлініп қаралуы жазба деректердің осы оқулықта арнайы әңгіме болғандығынан емес. Өзінің ерекшелігіне байланысты мерзімді баспасөз зерттеу жұмыстарының дербес объектісі бола алады, ал радио мен теледидар материалдары ерекше деректанулық зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге ра¬дио 20-жылдардың аяғы 30-жылдардың басынан кең тарай бастаса, теледидардың мұндай сипаты 50-жыддардан басталады. Сондықтан баспасөз материалдары ел тарихының ұзақ уақытының деректері бола¬ды. Баспасөз жаппай ақпарат құралдары дамуының құрамында әлеуметтік міндеттерін нөтижелі орындайтын қажетті қоғамдық организм ретінде комплексті түрде қаралады.
Баспасөздің мақсаты — қоғамдық талаптарды қанағаттандыруға көмектесу жөне адамдардың өмірі мен әрекеттері туралы соған сәйкес жан-жақты (өндірістік, әлеуметтік, отбасы-тұрмыстық, рухани т.б.) ақпараттар беру. Осының барлығы баспасөздің тақырыбы мен шындықты қамту шеңберінің сарқылмастығын көрсететіндігі деп санауға болады.
Кеңес өкіметінің газет, журналдары жұртшьшыққа идеологиялық ықпал жасап, әлеуметтік бейімдеу бағытын беруге пайдаланылды. Идеологиялык мақсатқа сәйкес "тәжірибелік" міндеттер үшін ақпараттар қатаң түрде сұрыпталып қана жарияланып тұрды. Алайда, коммунистік идеологияны насихаттаса да сол газет, журналдарда тарихшьшар үшін қажетті ақиқат материалдары, құнды фактілер көптеп кездеседі.
Баспасөз басқару мен тәрбие құралы ғана емес, сонымен бірге осы басшылықтың қорытьндысы тура¬лы, халық бұқарасының көңіл-куйі мен ойларының да мәліметтерінің деректері болады.
Кеңес өкіметі заманында баспасөз таптық, партиялық принцип бағытыңда болумен қатар, оқырмаңдардың жасы мен білім ерекшеліктеріне және олардың кәсіби-әлеуметтік қүрылымына да байланы-сты болдьі
Осыған байланысты кеңес баспасөзін төмендегідей түрлерге (типтерге) болуге болады:
1). қоғамның бүқаралық барлық топтарына арналған жалпы саяси басылымдар;
2). белгілі әлеуметтік топтарға (жұмысшыларға, шаруаларға, интеллигенцияға) және қоғамдық ұйымдарға (комсомолға, кесіподақтарға) арналған ба¬сылымдар,
3). әр түрлі салаларда еңбек ететін мамаңдар үшін кәсіби-өндірістік басылымдар:
4). белгілі аймақтарга арналған әкімшілік-территориялық басылымдар;
5). тұргындардың жас ерекшеліктеріне байланы¬сты (балалар мен жастарға арналған) басылымдар.
Баспасөз өзінің әлеуметтік міндеттерін орыңдай отырып, оның ішінде ең алдымен ақпараттық міндеттерін, деректердің көптеген түрлерін сақтайды, бізге жеткізеді. Баспасөз беттерінде өкімет заңцары, іс қағаздары мен санақ құжаттары, мемуарлар және т.б. басылады.
Жоғарыда көрсетілгеңцей, бұл ақпараттық прессаның мағына құрьлымының да күрделілігін көрсетеді. Оның бір тобы жарияланатын материаддардан құрылса, екінші тобы баспасөздің өз деректерінің негізінде, өзіне тән формалар сипатында құрылады. Олармен жұмыс жүргізудің тәсілі әр түрлі болады: бірінші жағдайда көрсетілген құжаттардың түрлеріне деректанулық талдау өдісі қолданылса, екіншісіңде тарихшылардың журна¬листикадан пайдаланатын тәсілі іске асырылады.
Баспасөз материалдарының бірінші тобынан, оның өзіне тән және ресми құжаттардың тарихи дерек ретіндегі маңыздыларын (заң текстері, үкімет ақпараттары, марапаттау туралы жарлықтар, конференциялар мен съездердің стенографиялық есептері мен хаттамалары), сол сияқты қоғамдық үйымдар, ұжымдар немесе бұқараның жеке өкілдері жасаған құжаттарын (құттықтаулар, оқиғалар туралы пікірлер, хаттар, үнлеулер, жиналыс қарарлары т.т.) бөліп алуға болады.
Мерзімді баспасөздің осы екі тобының материалдарын біріктіру — жай ғана мәселе емес. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Әдетте қабылданған ресми матери¬алдар баспасөз бетінде жариялауға негіз болады. Жарияланған нұсқау — құжаттарды (деректи-валар) халыққа баспасөз өз материалдарымен түсіндіреді, насихаттайды, олар туралы пікірлер береді. Сонымен, тәрбиелік, идеологиялық жөне ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты баспасөзде дерек түрлерінің бірігу процесі орын алады. Осындай органикалық бірігушілік процесінің негізінде тарихи деректің жаңа, дербес түрі қалыптасады.
Дерек ретінде баспасөздің ерекшелігі оның ерекше ақпараттық міндеттері мен құрылымының күрделілігінде емес, ол оның жанрларының әр түрлі болуында.
Оқиғаның баспасөз ақпаратында суреттелуінің шындыққа сөйкес баяндау сипатын шамамен тікелей және жанама түр деп екіге бөлуге болады, ал фактілік материалдар мен автордың комментариясының фактілерді қорытындьшау дәреже қатынасы фактографиялық жөне аналитикалық деп аталады.
Осыған байланысты мерзімдік баспасөз жанрларын шамамен: ақпараттық, аналитикалық және көркем публицистикалық деп үш топқа бөлуге болады. Баспасөздің ақпараттық жанры мақалаға, есеп беру құжатьша (отчетқа), репортажға, сұхбатқа (ин¬тервьюге) негізделеді
Бұл топ варианттарының жалпы ерекшелігі оның құрамының күнделілігінде емес, бұнда оқиға мен факті туралы мәліметтердің дәл берілуінде. Бұл топтың ерекшелігі оқиға мен факті туралы берілген түсініктің осындай дәрежесімен анықталады.
Мақала дегеніміз
— фактілердің баяндалуы, баға берілмеген кейбір мәліметтердің қысқаша жиынтығы. Есеп беру құжаты оқиғаның толық баяндалуымен объектінің егжей-тегжейлі жете көрсетілуімен (оқиғаға қатынасушылардың саны мен аты-жөні, сөйленген сөздердің мазмұнымен т.т.) сипатталады. Ақпараттың бұл жанры дипшоматиялық келіссөздердің, мемлекет басшылары немесе ресми адамдардың кездесуінің ең маңызды жақтарын қысқаша баяндау үшін пайдаланылады. Онда оқиға мен фактілерге егжей-тегжейлі баға берілмейді. Соған байланысты тарихшылардан тек қана сол фактінің дұрыстығының тексерілуі талап етіледі. Репортажда автордың оқиғаға қатынасы айқын білінеді. Оқиғаны суреттеу репортажыңца автор документаддық дәлелдік пен көрнектіліктің үйлесіміне сүйенеді. Репортаж материалын дерек ретінде пайдалануда тарихшы автордың жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударуға тиісті. Интервью (сұхбат) оқиғаға екі адамның, журна¬лист пен оның әңгімелесушісінің, қатысуымен жүргізіледі. Бұл жанр оқиға туралы интервью берушіден алынған қосымша мәліметтерге кебірек сүйенеді. Бірақ фактілердің берілу дәлдігін байқау мен оларға журналистің қатынасын түсінуде қажетті болғандықтан, интервьюдің тексті мұхият талдау керек.
Аналитикалық жанрға корреспонденциялар, рецензиялар, шолулар мен мақалалар жатады. Бұл материалдардың негізгі мақсаты оқиғалар мен фактілерді хабарлау ғана емес, сонымен бірге сол мәселелерге бай¬ланысты автордың ой-толғанысын да білдіру болады. Демек, фактінің суреттелуінен гөрі, автордың сол факті төңірегінде өзінше пікір білдіруі бірінші орынға қойылады. Бұл әсіресе мақала жанрына тән. Мақалада баяндалған проблеманың мәнін терең түсіндіруге байла¬нысты фактілер автордың пікірімен мысал немесе дәлел ретінде беріледі.
Фактілер өмір тәжірибесі, білімдарлық және идеялық қөзқарастар негізінде пайдаланылатын болғандықтан, автордың ой таразасынан өтіп жазылған мақала күрделі деректанулық жұмысты талап етеді. Мақалаларда фактілер толық және неғұрлым шынайы көрсетіледі, сонымен бірге олардың мәні де түсіндіріледі.
Көркем публицистикалық жанрлар (очерк, фелье¬тон, памфлет) құжаттық дәлелділікпен, ойдан шығарылған әдеби суреттемемен үйлестіріліп, оқиғаларға автор сезімі арқылы өнделіп беріледі.
Жеке жанрлардың құндылығы туралы дерек ре¬тінде тек нақты зерттеуге сәйкес пікір айтуға болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, оқиғаның барысын бүрынғы қалпына келтіру үшін, фактілік материалдар қажет. Басқа жағдайларда, атап айтқанда, қоғамдық ойдың тарихын, кейбір дәуірдің көзқарасын таддауда, әсіресе авторлық түсіндіруді зерттеудің мәні зор. Мерзімдік баспасөз материалдарын тарихи дерек ретінде білгірлікпен пайдалануда тарихшылардың баспасөз ерекшеліктерін жетік білуі жақсы негіз болады.
Сонымен, газеттер мен журналдар ақпараттың күшті құралы болумен қатар, қоғамдық сананы қалыптастыруда, қоғамның жекелеген әлеуметтік топтарының пікірлері мен көңіл күйіне әсер ететін құрал болып табылады. Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек.
Бақылау сұрақтары
1.Мерзімді басылымның дерек көзі ретіндегі маңыздылығын ата?
2.Мерзімді басылымдарды қалай сыныптауға болады?
3.Мерзімді басылымға қалай деректанулық талдау жасауға болады?
4.Бүркеншек есімдер дегеніміз не?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.