Орталық мемлекеттік мұражай

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 2389

Орталық мемлекеттік мұражай дәріс сабақ жоспары

Орталық мемлекеттік мұражай дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы
Орталық мемлекеттік мұражай.(ХХ ғ 20-40 жж.)
Мақсаты: Орталық мемлекеттік мұражайдың дамуын көрсету, негізгі қызметімен танысу.
Жоспары

20 жылдардағы Орталық мемлекеттік мұражайдың дамуы


30-40 жылдардағы Орталық мемлекеттік мұражайдың дамуы


Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті арта түсті. Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.
1927 жылы 2 наурыз күні Қазақ АССР-і Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комисарлары Кеңесі республика астанасын Қызылорда қаласынан Алматыға көшіру жөнінде қаулы қабылдады. Осыған орай, 1928 жылы 13 желтоқсанда Халық ағарту комиссариаты алқасы Орынбордағы Қазақстан орталық мұражайын және жаңа астанада қызмет етуге ерік білдірген мамандарды шұғыл түрде Алматы қаласына көшіру шешімін қабылдады. Сөйтіп мұражай қызметкерлері бөлістен қалған жәдігерлерді жинастырып, жаңа астанаға көшіруге дайындады. Көшіруді ұйымдастырумен оның тәжірибелі мамандарының Алматыға жұмысқа ауысуында мұражай директоры А.Махонинің еңбегі ерекше болды. Ол өзінің Халық ағарту комиссары О.Жандосовқа жолдаған хатында: «Алматыға жұмыс бабымен кешетін қызметкерлерге өкімет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді музейдің ғылыми қызметкерлеріне де беру қажет. Алжаңа астанаға келген соң олардың жалақысы мөлшерін қайта қарастырмаса, алып отырған нерәрі 100 сом ақшалары күнделікті тамақ алуға да жетпейді»-деп жазды. Директордың осындай қамқорлығы нәтижесінде мұражайдың тәжірибелі мамандары А.Четыркина , П.Зарецкий, П.Рыжков, Г.Мотылев, И.Костиков Алматы қаласына жұмысқа ауысты.
1929 жылы 4 қаңтарда басталған көшуге айындық жұмыстары 20 наурыз күні аяқталды. Осы күні мұражай директоы: «Орынбор қаласындағы Қазақстан Орталық өлкетану музейі өзі жұмысын тоқтатты» деген бұйрығын шығарды.
1929 жылы шілде айында Қазақстан Орталық өлкетану мұражайы толығымен Алматы қаласына көшіп келіп, Вознесенск кафедералды соборы ғимаратына орналасты. Ал, 13 шілдеде мұражай кеңесі мәжілісі Қазақстан Орталық өлкетану мұражайын Қазақстан Орталық мұражайы қылып қайта атау жөнінде шешім қабылдады. Қазақстан орталық өлкетану мұражайы Алматы қаласына көшіп келген күннен бастап республикадағы мәдени ескерткіштерді қайта есепке алып, оларды қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың орталығына айналды.Осыған орай, 1929 жылы 22 шілде күні Қазақстан табиғат пен көне ескерткіштерді және өнер туындыларын қорғау комитетін құру жөнінде шешім қабылдады. Мәжіліс слнымен қатар, құрылатын комитет Орталық мұражай жанында ғылыми – зерттеумен айналысатын мекеме болып, құрамына тиісті мекемелерден 14 маман енуі тиіс деп шекшті. Комиетет жайындағы ережені жасау Орталық мұражайға жүктелді. Ереженің жасалуы ұзаққа созылған жоқ, осы жылдың 14 қазан күні ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты алқасы, 5 қарашада ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық мұражай қызметкерлері қатысуымен жасалған Казкомпристарис жөніндегі ережені бекітті.
Осы жылы мұражайдың географиялық- тарихи бөлімін елдің оңтүстік батыс бөлігін бейнелейтін жәдігерлермен толықтыру маұсатында Арал теңізі маңында экспедиция ұйымдастырылды. Оған директор А.Махонин, лаборант П.Зарецкий және практикант Мотылев қатынасып, жинастырылған 100 ден аса құстан 26 тұлып жасалып, олар мұражай жәдігерлері және ғылыми қорынан орын алды. Сонымен қатар, 85 бауырымен жорғалаушылардың түрлері және ботаникалық материалдар жиналып, бірнеше фотосуреттер түсірілді. Олардың көпшілігі депозитивке айналдырып, мұражайдың дәрістік жұмыстарына қосымша құралдар ретінде пайдаланды.
Алайда, 1920 жылдардың соңынан соғысқа дейінгі уақытта Кеңестер Одағына екі бесжылдық жоспар «мерзімінен бұрын орындалып», үшінші бесжылдық жоспарының да жылдам орындалуы қолға алынды.
1931 жылы Қазақстан Орталық мұражайы құрамына Алматы қаласында орналасқан Жетісу өлкетану мұражайының барлық қорымен және қызметкерлерімен қосылуы еліміздегі мұражай құрылысы ісіндегі елеулі оқиға болды.
1934 жылы мұражай басшыларының жиі ауысуына және атқарылуға тиісті істерге толық көңіл бөлінбеуі салдарынан Орталық мұражай жұмысы нашарлап кетті. Тиісті өңдеу жұмыстарының жүргізілмеуі жәдігерлерді аздырып, олардың жекелегендерін күйлер жеп жарамсыз етті.
1935 жылы мұражай 271 күн жұмыс істеп, 69696 көрерменге мәдени-ағарту қызмет көрсетіп, олардың 44116 ер, 25500 әйел адамдар болды. Олардың ұлттық құрамы жағынан 25218 қазақтар, 42452 орыстар, басқа ұлт өкілдері 8519. Оның әлеуметтік құрамы жағынан жұмысшылар 8519, колхозшылар 3813, қызыл армия жауынгерлері 4279.
1936 жылы Орталық мұражай қызметкерлері ұйғыр мен дүнген халықтары бөлімін ұйымдастыру мақсатында Алматы маңындағы аудандарға экспедиция ұйымдастырып, көптеген жәдігерлер алып қайтты. Ал, зоология мен ботаника бөлімшелері жәдігерлері санын ұлғайту мақсатында мұражай қызметкері Ақмоланың Қорғалжын ауданына іс сапарға шығып Орталық Қазақстанды мекендейтін бірнеше құстардың тұлыптарын алып келді. Бөлім жәдігерлері санын көбейтумен қатар осы жылы мұражай қорындағы аса құнды жәдігер қайта өңделіп, арнайы суретке түсіріліп, оларға ғылыми түсініктемелер жазылды. Мұражай қорын күтуге және қажеттіліктерге қосымша қаражат табу мақсатында ересектерден , оқушылардан 30 тиын ақысы алынды.
Орталық мұражайдың осында ішкі құру жұмыстары нәтижесінде оның халықтық мәдени-ағарту қызмет көрсетуі сапасында түсті.
1937 жылы Орталық мұражай өз қызметкерлерін Мәскеу, Ташкент, Самарқанд, Самара, Саратов мұражайларына қызметімен танысты және байланыс орнату мақсатында іс сапарларын жіберді. Осы іс сапар нәтижесінде бөлімдер экспедициялары мұражай ісіндегі соңғы жаңалық өзгерістерге қарай қайта құрылды.
Бақылау сұрағы:
1.Мұражайдың дамуына сипаттама беру.
2. 30-40 жылдардағы мұражай дамуының ерекшеліктеріне тоқталу.
Әдебиеттер: Н-2; Қ-5,6,15