Мұражай менеджментінің және маркетингінің дамуы

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 1935

Мұражай менеджментінің және маркетингінің дамуы дәріс сабақ жоспары

Мұражай менеджментінің және маркетингінің дамуы дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы Мұражай менеджментінің және маркетингінің дамуы
Мақсаты: Термин сөздерге анықтама беру, олардың мұражай қызметіндегі рөлін көрсету.
Жоспары

Мұражай менеджментінің және маркетингінің даму концепциясы


Мұражай маркетингінің сұрақтары


Қазіргі кезде мұражай мекемесінің алдында тұрған бір қиыншылық, ол концепцияға ұйымдастырушылық және экономикалық жүйеге арнайы модернизация саласына ену. Бұл мазмұнның негізі мұражай жұмысын басқару және ұйымдастыру үшін қазіргі замани жолдар іздестіру бұл ұғым арнайы әдебиетте «мұражай менеджменті» деп аталады, сол сияқты мұражай мекемесімен қосымша қаражаттық меңгере алушылық, мұражай экономикасы жақсы дамыған елдерде «музей маркетингі» деген атауға ие болды. Осы терминдерді Қазақстан Республикасы да аса кең мағынада қолданып жүр.
Мұражайдың тарихи даму концепциясының ұйымдастыруша-басқарушылық және базарлық аспектілерінің дамуы неден құралған? Немесе басқаша айтқада маркетинг және менеджмент концепциясы қандай болу керек?
Концепция көптеген тапсырмалар негізінен және тапсырмаларды шешу әдістерінен құрылуы мүмкін.
Осы концепция келесідей тапсырмалардан құрылады:
1. Мұражай қызметінде негізінен роционалды қаражатты, интеллектуалды және де тағы басқа ресурстарды тиімді жағынан қолдану.
2. Мұражай қызметіне деген сұранысты көтеру.
3. Мұражайды қаражаттандыру көлемін көтеру:
А) мемлекеттің альтернативті есебенін;
Б) мемлекеттік емесқаражаттандыру, белгілі бір проектілер т.б есебінен
С) халыққа, мекемелерге және т.б қызмет көрсету арқылы.
4.Ақпараттық қызмет көрсету, мұражайдың бағалы саяси мәдениетін қалыптастыру.
5.Жалпы мұражайды замани талаптарға сай базамен қамтамасыз ету.
Айтылған тапсырмаларға сүйене отырып осы тапсырмадларды заман талабына сай шешу мысалдары келесідей болмақ:
А) Ұйымдастырушылық мекеме құырылымының мекеме құрылымына сәйкес келу принципі.
Б) Бағдарламаның нәтижесіне байланысты қаражаттандыру принципі.
В) Икемді құрылымдар принципі.
Г) Мұражай қызметкердерінің шығармашылық еңбекетерін бағалай алу принципі.
Д) Мұражай штатының ашықтық принципі.
Мұражай маркетингінің сұрақтары.
Соңғы кезде экономиканың қарқынды дамуына байланысты маркетинг ұғымы да өзінің кең ұғымын кеңейтіп келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын мұражай экономикасы тек қана сол мекеменің құызметшілеріне тиімді болса? Ал қазіргі кезде ол сатып алушы қауымға да тиімді болып отыр. Бұл даму мұражай экономикасы үлкен жолға бет алды деген сөз. Мысал ретінде Санк- Петербург Академиясының студенттеріне «Мұражай менеджметні мен маркетингі» курсында Г.П. Бутиков былай деген – маркетингтің негізгі объектісі болып: тауар өнімі мен продукцияның шығару бәсекелетігі, оның шығарушыдан тұтынушыға жетуі, жаңа тауар шығару және қосымша қызмет көрсету болып табылады. Жаңа маркетингтің негізгі және ерекше стратегиясы, мұражайдың қода бар қызметін ары қарай жетілдіру, яғни тұтынушыларға сол қызметтерді дамыған түрде жеткізу. Заманға сай мұражай маркетингі макро және микросегмент стратегиясына негізделуі тиіс. Егер макросегменция мұражай аудиториясын географиялық, психологиялық, биологиялық, демографиялық принциптарға бөлсе, ал микросегменция оның субмәдени жәрежеге бөледі – мектептік, сопрттық, қалалық және т.б
Тағы бір айтып кететін ерекше жағдай мұражай жұмысының концепциясы мен дизайнын тұтынушыларға түсінікті етіп жеткізу. Оларға кең көлемде қызмет көрсету, арқылы ғана мұражай қызыметіне қызықтыруға болады.
Келесі кезең сынау – нәтиже шығару және қателерді көрсету – сынаушы қауымның әсерін толық зерттеу. Бұл зерттеу әр түрлі әдістер арықылы өткізіледі: негізгілері – бақылау, анкета жүргізу, сұхбат, тестілеу және т.б.
Үлкен экономикадағы сияқты, мұражай маркетингінде айтарлықтай кең көлемдегі ұғымдар мен дамутуды көтеру тәсілдері кең емес. Бірақ оған қарамастан мұражайды дамытудың жолында көптеген ұғымдары жеткілікті, жағдайатты талқылау, дамытудың нұсқалары, дұрыс шешім қабылдау. Жалпы айтқанда маркетинг ол – айырбас. Мұражай белгілі бір күш жұмсап еңбек етсе оған айырбас ретінде бір нәрсеге ие болады.
Маркетинг айырбас дей келе, мына сұрақтарға жауап беру керек:
1) Мұражай не ұсынады;
2) Кімге;
3) Қалай;
4) Ол айырбасқа не алады.
Кей кезде мұраджай ол – мән мен мағынаны сататын мекеме дегенді естиміз. Шын мәнінде мұражадйдың өнімі материалдық табиғаттан құралған (выставка, сувинир, кітап және т.б.), сонда да сатып алушы үшін оның мазмұны нышан болып қала береді.
Белгілі бір мағынада мұражай кеңістікті сатады деп те айтуға болады, өйткені келушілер үшін оны қоршаған орта аса маңызды орын алады. Бұдан басқа мұражай келушілерге мыналарды ұсынады:
1) Көрме және экспозиция
2) Бағдарламалар – мысалы, экскурсия, лекция, үйірме және т.б.
3) Арнайы ұйымдастырылған концерттер;
4) Кітаптарды, каталогтарды, буклеттер, слайдтар, видиокинолар және т.б.
Согнымен қатар мұражай өз келушілеріне материалды және материалды емес өнімдерді ұсына алады.
Осы айталғандарға нәтиже шығара отырып мұражайды әр адамның мәдениетке деген көзқарасына байланысты түсінеді. Мұражайдың дамуы адамдардың арасыгдағы қарым-қатынасқа, түсіністікке байланысты.
Бақылау сұрағы:
1.Термин сөздерге анықтама беру.(маркетинг, менеджмент т.б.)
2. Мұражай маркетингінің сұрақтары қандай, қандай мәселелерді қарастырады.
Әдебиеттер Н-1,2, Н-6,10,11