Деректану теориясы кіріспе

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 1594

Деректану теориясы кіріспе дәріс сабақ жоспары

Деректану теориясы кіріспе дәріс сабақ жоспары


Кілтті сөздер:Дерек, әдіс, әдіснама, деректердің cыныпталуы
Талқыланатын сұрақтар:

Деректану проблемалары мен методологиясы


Тарихи деректерді сыныптау


Мақсаты: Деректану проблемалары, методологиясы және оның жіктелуіне тоқталу.
1. Деректану проблемалары мен методологиясы.
Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.
Жіктеу – обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: «Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі» дейді. Лапо-Данилевский: «Мәдениеттің қалдығы» дейді. Сонымен қатар, «фактілерді суреттеу, айту» дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу – деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық - фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.
Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.
- заттай деректер археологиялық ескерткіштерінен бастап қазіргі дамыған техника-машиналарға дейін;
- көркемсурет сурет өнерінің барлық саласы;
- сөздік деректер күнделікті сөйлеу мәдениетінен бастап, халықтың шығармашылық ескерткіштері;
- жазба деректер тұрмыста, мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
Жалпы, көптеген тарихи деректер бір типке жатпайды., бұлар аралас типтерді құрайды.
Мысалы, бір деректер бірнеше типтерге жатуы да мүмкін. Жазба деректер өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, оларды әр түрге бөледі. Бұндағы негізгі принцип оның формасы мен мазмұнының мақсаты бірлігі осындай жағдайды ескергенде Н.У.Пушкарев жазба деректерді екіге бөледі:
Құжаттық:
- картографтық
- статистикалық
- актілік
- концелярлық
Баяндаушы:
- жеке (хаттар, күнделік, заманхат);
- көркем (очерк, роман, лирика, проза);
- тарихи (повесть, жылнамалар, әдебиеттер);
- ғылыми (тарихи, философиялық, әлеуметтік еңбектер).
Жоғарыда айтылған дерек түрлері ең соңғысы емес.

Бақылау сұрақтары
1. Деректану проблемалары мен методологиясы жөнінде не білесің?
2. Тарихи деректерді сыныптау дегеніміз не?
3. Жазба деректүрлерінің эволюцияға ұшырауының факторлары?

Әдебиет
1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
2. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
3. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.
4. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы исторического познания. М., 1981.
5. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
6. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.