Деректану методы

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 2913

Деректану методы дәріс сабақ жоспары

Деректану методы дәріс сабақ жоспары


Кілтті сөздер: Деректанулық сын, деректі аналитикалық сынау, деректің пайда болу негіздерін сынау, деректің мазмұнын сынау.
Талқыланатын сұрақтар:

Деректанулық «сын»


Деректанулық талдау методикасы мен принциптері


Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын»


Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын»


Өкілеттік проблемасы


Мақсаты: Деректанулық сынды, олар мен жұмыс істеудің методикалық принціптері мен сатыралымен танысып, жазба деректердің сыни талдаудың сатыларымен жұмыс істей білуге үйрету

1. Деректанулық «сын».
Деректерде бейнеленген тарихи оқиғаларды қалпына келтіретін тәсілдерді деректанулық «сын» дейді
Ресей тарихы бойынша тарихи деректер бірінші болып сыннан өткізген В.Н.Татишев . Ол қажетті дүниені қажетсізден айыра білу Мықты тарихшылардың Еңбектерін өзіне сын көзбен қарауды ұсынады.
- Автор өзі айтып отырған оқиғаға қатысқан ба?
- Егер қатысса сол кезде өмір сүрді ме?
- Автор неге сүйеніп жазды?
- Көп жыл өткен соң сол іске қатысқандығын жазып алды ма?
- Авторы кім? өз отаны кім? әлде шетелдік пе?
Л Шлецер 1735-1809 жылдары тарихи сынды үш топқа бөлу арқылы жіктеген:
1.Кіші сын (сөзді сынау) түпнұсқаны анықтау.
2.Грамматикалық және тарихи талдау. Автордың қандай сөзді пайдаланғанын және не айтпақ болғанын анықтау. Жоғарғы сын. (дерек автордың пікірі дұрыс па, рас өтірік пе, көз жеткізу. Бұнда автордың оқиғаны қаншалықты білетіндігін анықтау. В.О. Ключевский ғылыми талдауды екіге бөледі: Философиалық сын (ежелгі қол жазбаны дұрыс оқи білу). Фактілі сын жазудың көзқарасын анықтау дейді.
Жазба дерктерді ғылыми сынның негізгі ережелері белгілі деректанушы А.С. Лапо-Данилевскийдің еңбектерінде жан-жақты көрсетілген. Ол екі кезеңнен тұрады. І-кезең-«сыртқы сын» және ІІ-кезең «ішкі сын».
Тарихи деректерге мұндай көзқарас алдыңғы парагровта айтылған белгілі француз ғалымдары Ш.Лангуа мен Ш.Сеньбосқа да тән болды. Олардың Москвадан 1889 жылғы шыққан «Ведение в изучение истории» деген еңбегінде шынайылықта айқындау «автордың көңіл күүйін анықтау арқылы жүреді»-дейді.
2. Деректанулық талдау методикасы мен принцптері.
Ғылыми еңбектерде, деректану бойынша жүргізілген кәзіргі зерттеулерде деректанулық талдау жүйелі теориялық негіздемеге ие болды. Методика нақты зерттеу тәсілі деген ұғым болса, метод жалпы зерттеу деген ұғымды білдіреді. Сондықтан методтың ауқымы кең, оған методика да енеді. Ол негізгі үш құрамдас бөлімнен тұрады:
-Нақты методология-басқаша айтсақ, метод теориясы, осының негізінде ғылыми таным принціптері жасалады;
-Методика-зерттеудің нақты ережелері мен тәсілдері;
-Техника-зерттеуге қажетті құрал-жабдықтардың жиынтығы.
Үш құрамдас бөлім- методика, методология және техника бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, методология жетекші орын алады.
Методология мен методиканың ғылыми таным тәсілінің ажырамас құрамдас бөлігі екендігінен шыға отырып, тарихи деректану методикасын айқындауға болады. Бұл методика мынадай принціптерге негізделген:
Обьективтік принціп - тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтармен, күрделіліктермен, санқырлылықтармен қоса жан-жақты зерттеу. Барлық деректерге толық талдау жасау. Бір-бірімен байланысты деректерді кешенді зерттеу.
Партиялық принціп - ол деректерді зерттеудің өзекті мәселесі етіп, әлеуметтік талдауды алады: деректің қандай ұлттың, әлеуметтік топтың не таптың мүддесін қорғағандығын анықтайды, деректе сол әлеуметтік топтардың, ұлттардың не таптардың мүддесінің қаншалықты ашық, толық дәл көрсетілгендігін анықтайды.
Тарихи принціп – ол дерекке тек нақты тарихи тұрғыдан қарау емес, сонымен қатарпайда болуы мен сақталуына әсер еткен оқиғаларды, құбылыстарды және процестерді зерттеу.
3. Деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».
Деректі сынаудың бұл кезеңі мәтінді оқудан, оның дәл мазмұнын, өмір сүру формасын айқындалуын, түпнұсқалығын, уақытын, авторын, жасалынған жерін, пайда болуының нақты-тарихи жағдайын, деректі жасаудағы мақсат мен міндеттерін анықтаудан тұрады.
Деректердің сақталу формалары. Кез келген тарихи дерек белгілі бір материялды формада өмір сүреді. Мазмұны жағынан бірдей мәтіннің өзі әр түрлі формада кездесуі мүмкін. Деректің сапалы да тез өңделуі көптеген факторларға байланысты, сондай факторлардың бірі ол деректің сақтау формасы: қолжазба ма жоқ тасқа басылған ба, мұрағат материялдары ма, жоқ публикация ма?
Мәтінді дұрыс оқи білу немесе түпнұсқалық проблемесы. Деректің мазмұнымен танысу барысында мәтінді қалпына келтіру және оның дәл мәнін ашуға байланысты көптеген қиындықтар пайда болады. Олар негізінен мәтіндегі кейбір сөздердің дұрыс оқылмауы немесе өшіп қалуына байланысты. Кей жағдайда мәтінді мазмұны бойынша немесе басқа мәтіндермен салыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Кәзіргі кезде мәтіннің өшіп қалған жерлерін немесе бүлінген жерлерін жаңадан пайда болған фотоанализ тәсілімен қалпына келтіру қолға алынуда.
Деректің пайда болған уақытын анықтау. Барлық деректерде бірдей оның жазылған уақыты көрсетіле бермейді., кейде мәтінде көрсетілген уақыттың өзі де дұрыс болмауы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайда деректің жазылған уақыты туралы мәліметті сол мәтіннің өзінен, оның мазмұнынан табуға болады: деректе аталған тарихи тұлғалардың атынан, оның лауазымынан. Атақ дәрежесінен.
Деректің пайда болған жерін анықтау. Жоғарыда айтылған мәтінді оқу және уақытын анықтау үшін пайданылған тәсілдердің көбі, оның пайда болған жерін анықтау үшін де қолданылады. Сонымен қатар тарихшы тарихи географиялық гнегізіннде жасалған тарихи карталарды да пайдаланады. Тарихшыға қойылатын талаптың ең бастысы өзі зерттеп жүрген жерін көз алдына елестетуі. Сонымен қатар тарихи әкімшілік-территориялық өзгерістерді де жақсы білгені жөн.
Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын білу оны тарихи зерттеулергеи пайдалану міндетті шарт емес. Деректегі сақталынған ақпараттың сипаты оның авторымен емес, мазмұнымен айқындалады. Тарихшыны жасырын атпен, бірнеше атпен немесе тіптен атсыз жазылған деректерр де қызықтырады. Көптеген жағдайда тарихшылар өз еңбектерінде заң жобаларын, заң актілерін, үкімен қаулы-қарарларын, ағымдағы іс қағаздарын кеңінен пайдаланса да олардың авторын білуге ұмтылмайды. Дегенмен, бұдан дерек авторының аты керегі жоқ деген ұғым тумау керек.
4.Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасы.
Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын бағалау кезінде оның шындыққа қатынасымен қатар, тарихшымен байланысын да айқында қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық проблемасы, екінші жағдайда «дерек және тарихшыға» өкілеттілік проблемасы пайда болады.
Шынайылық проблемасы.
Өкілеттік проблемасы.

Бақылау сұрақтары
1.Деректанулық сын дегеніміз не?
2.Обеьективтілік, париялық және тарихи принціп дегеніміз не?
3.Деректерді сақталу формасына мысал келтір?
4.Тұпнұсқалық проблемасы жөнінде не білесің?
5.Деректің пайда болған уақытын қалай анықтауға болады?
6.Деректің пайда болған жерін қалай анықтауға болады?
7.дерек авторының не құрастырушының атын қалай анықтауға болады?
8.Тарихи деректің әлеуметтік функциясы дегеніміз не?
9. Деректердің шынайылық деңгейін анықтау немесе «ішкі сын». Өкілеттік прблемасын қалау жүргізуге болады?

Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая школа, 1981.
Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт. ред.) Наука М, 1969.