Африка халықтары

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 5241

Африка халықтары семинар сабақ жоспары

Африка халықтары семинар сабақ жоспары


Семинар сабағының мақсаты:
Африканың географиялық жағдайы, этникалық тарихы, социогенезі, шаруашылығы мен мәдениетін қарастыру.
Негізгі түсініктер: Койсан халықтары, суахили, еуропейдтер, негройдтар, эфиоптар, терімшілік, аңшылық, фелидж,тукули, жер өңдеудің түрлері, малдың түрлері.
Семинар сабағының тапсырмалары:
Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, берілген әрбір сұрақты дәптеріңе конспектілеп, мазмұнын білуің керек.

Сұрақтар:

Африканың тарихи-мәдени жөне географиялық сипаттамасы


Африка халықтарының этногенезі жөне этникалық тарихы. Халқының этнолингвистикалық жөне антропологиялық құрамы.

Солтүстік Африка халықтары


Шаруашылығы және материалдық мәдениеті. Араб малшылары. Халық шығармашылыгы және рухани мәдениет. Отбасы және отбасылық катынастар.

Шығыс Африка халықтары


Этнолингвистикалық классификация. Шаруашылығы. Мал жөне жер шаруашылығы. Номадизмнің азиаттық және африкалық түрі. Қосалқы кәсіп току өнері. Рухани мәдениет. Отбасы және отбасылық қатынастар.

Оңтүстік Африка халықтары.


Аймақтық тілдік және антропологиялық сипаттамасы. Шаруашылығы. Тропикалық кетпенді егіншілік және көшпелілік бақташылық, мал шаруашылығы. Баспана. Әлеуметтік ұйым. Діни наным-сенімдер. Отбасы және отбасылық қатынастар

Батыс Африка халықтары


Тілдік семьясы мен антропологиялық типі. Шаруашылық қызметінің түрлері. Дін. Киімі. Тамағы. Баспана. Қолөнер мәдениет ескерткіштері. Архитектуралық дәстүр. Халық шығармашылығы.

Орталық Африка халықтары


Антропологиялық типтері. Этнолингвистикалық сипаттамасы. Тамағы. Киімі. Баспана. Әлеуметтік қатынас. Отбасы. Отбасылық қатынастар. Рухани мәдениет. Діні.

Кәзіргі Африкадағы этникалық процестер


Трайбализм. Интеграциялық және консолидациялық процестер. Англо-африкандықтар (ағылшын отаршылдарының ұрпактары) мен африканерлер (голландиялық отаршылардың ұрпақтары).


Мазмұны:
1.Тарихи – мәдени және географиялық мінездеме.
Африка — Жерорта және Қызыл теңіздерінің оңтүстігіне қарай, Атлант мұхитының шығысына және Үнді мұхитының батысына қарай орналасқан континет. Африка көлемі 30 065 000 км², немесе жер аумағының 20,3 %. Ол тек Азиядан кіші, Еуропадан 3 есе үлкен. Африкадағы адам саны шамамен 800 млн. адам.
Жер бедері. Көбінесе жазық дала, солтүстік-батысында Атлас таулары, Сахарада — Ахаггар және Тибести таулары. Шығысында — Абиссин таулары, оның оңтүстігінде — Килиманджаро жанартауы (5895 м) — құрлықтың ең биік нүктесі. Оңтүстігінде Кап және Айдаһар таулары.
Ішкі сулары.
- Африкада оңтүстіктен солтүстікке ағып жатқан әлемдегі ең ұзын Ніл өзені орналасқан. Өзге ірі өзендері — Батыста Нижер, Орталық Африкада Конго және Оңтүстікте орналасқан Замбези, Лимпопо және Қоңыр өзендері.
- Ең ірі көлі — Виктория. Басқа ірі көлдері — Литосфера жарығында орналасқан Ньяса және Танганьика көлдері. Олар солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр.
Табиғи жағдайына қарай Африка бірнеше аймаққа бөлінеді:
1. Тропикалық аймаққа орталық экватордың батысы, Гвиней бұғазының солт жағалауы және Конго атырабы. Бұл жерлерде мәңгі көгеріп тұратын ағаштар өседі.
2. Гилейдің солт-гі мен оңт-нде “муссон”ағаштары өседі. Бұл ағаштар Африканың жер көлемінің 30 %-ына тараған.
3. Жартылай шөлейт солт-ігнде Сахара, оңт-ігінде Колахари және Намиб аймағы бар.
Климаты.
- Африка орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән.
- Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі — Сахара шөлі бар, оңтүстігінде — Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады.
Африка – Оңтүстік Азия сияқты алғашқы адамдардың пайда болған жерінің бірі. Бұл құрлықтан адам қалпына келіп жетпеген австролопитек, зинджантроптардың сүйектері және синантроптың сүйегіне ұқсас қаңқалар да көп жерден табылған.
Палеолит дәуірінде де адамдар тіршілік еткен. Нигерия бассейнінде осы күнгі негроид халықтардың ата тегінің қаңқасы табылған. Алжирдегі Мешта жерінен табылған адамдардың сүйегіне қарағанда, палеолит кезінде Солт. Африкада Жерорта теңізінің Шығыс бөлігінен келген еуропалық типтегі адамдар мекендеген. Негроид тәрізді адамның (гримольдилік) сүйегі Ментоннан (Италиядан) кездескен. Мұндай халықтардың Солт. Италияны, Швейцарияны, Украинаны, Еділ бойын және Англияны мекендегендері жөнінде ғылыми деректер бар.
Палеолит дәуірінде тіршілік еткен адамдардың сүйек қалдықтары Африканың көп жерлерінен кездескен. Солт. Африкада Каспий дәуіріне жататын адам сүйегі табылса, ал 1929 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Константинопольден 30 адамның бас сүйегі және бүтін қаңқалар табылды. Осындай сүйектер Чад көлі төңірегі мен Судан жерінен табылған. Олар еуропоид пен негроид нәсілдерінің антропологиялық қасиеттері бар адамдардың сүйектері болып шыққан. 1929 жылы Кеип-Флэсте Кейптаун маңында, Блумфонтейннен 40 км оңт-ке Флорисбадта табылған сүйектер, өздерінің антропологиялық қасиеттері бойынша, австралиялық нәсілге жақын екені байқалады.
Неолит дәуірінің естеліктері Солт-Ш Африкадан, Суданнан ашылған. Б.з.д. 5 мж-та Ніл бассейнінде егіншілік болған. Осы кезде Эфиопия мен Магриб елдерінде, Сахара және Мысырдағыдай Сенегал мен Нигера өзендерінің бойларында егінш-к пен м/ш дамыған. Гвиней елдері тропикалық орманда өмір сүріп, терімшілікпен айналысқан.
Аборигендері темірді пайдалана білген. Темір дәуірі бұл жерде б.з.д. 7 – 5 ғ.ғ. болды. 15 ғасырдың соңында Африканың көптеген тұрғандары темірді жақсы пайдалана білген. Олар қоланы «қызыл темір» д/а. 10 – 11 ғ.ғ. араб саяхатшыларының айтуы бойынша, судандықтар темірден сүңгі (гарпун), т.б. істейтінін екен.
Халқы
Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды.
Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.
Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).
Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.
Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе.
Антропологиялық ерекшеліктеріне қарай нәсілге бөлінуі:
1) Жерорта теңіздік (Солтүстік Африка)
2) Эфиопиялық (Шығыс Африка)
3) Қойсандық (Оңтүстік Африка)
4) Пигмейлік (Батыс Африка)
5) Негроидтық (Орталық Африка)
Жерорта теңіздік(Солтүстік Африка)
Африканың солтүстік жағалауын мекендейтін талықтар жатады. Еуропоидтік рассаға өте жақын. Шаштары қара, көздері күңгірт, қара-қоңыр, бойлары 165-170 см.
Кейбір антропологтар бұл жердің халқын 2 нәсілге бөледі: араб, бербер. Олар өздерінің пікірлерін 8 ғ-дағы арабтардың Магриб елдері Алжир, Тунис Марокконы жалап алуымен байланыстырған. Тарихи деректерге қарағанда, келуші арабтар жергікті берберлердің 4% ғана құраған. Бұдан біз бұл пікірдің бұрыс екеніндігін көреміз.
Эфиопиялық (Шығыс Африка)
Еуропоидтық пен негроидтық нәсілдерінің арасын-дағы антропологиялық бөлік. Африканың солт-шығысындағы Эфиопия жарты аралын, бір бөлі-гі Аравия жарты аралының оңтүстігін мекендейді. Эфиопия халықтары: амхара, тигере, гураге, галла, сомали, данакиль, беджа және т.б. Антропологиялық белгілері: түстері қызғылт-қара, шаштары толқынды бұйра, еріндері шамалы түріңкі, мұрындары кішілеу. Палеоантропологиялық деректерге қарағанда, Эфиопия нәсәлә неолитте Ш.Африкада пайда болды.
Қойсандық (Оңтүстік Африка)
Африканың оңтүстік шетін мекендеген. Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады. Оларды оңттүстік африкалық топтар деп те атайды. Бушмендер жер шарындағы халықтарң ішіндегі антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар болып келеді: олар бұйра шашты, желбезекті мұрынды болу сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас болса, кейбір белгілерімен монголоидтарға ұқсайды, яғни түстерінің сарылығы, көздерінің қиығы, еріндерінің негрлерге қарағанда жұқа болуы соны меңзейді. Бушмендердің орташа бойы 150 см. Ал готтентоттар бушмендерден гөрі бойшандау.
Пигмейлік (Батыс Африка)
Конго бассейнінде мекендейді. Пигмей – адамдар-дың дамуы бойынша “балалық шақта жасаушылар” деген мәнді береді; яғни олар өздерінің өсуі бойынша неандертальдіктерден алшақ кетпеген деген пікірді білдіреді. Бұл пікірді шығарушы, оны дамытушы швейцар анатомшысы Колльман. Олардың бойлары орта есеппен 141-142 см-ден аспайды, түстері негрлерден ашандау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді келеді.
Бірақ, Кольманның пікіріне қосылуға болмайды. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдар неандертальдіктерден әлде қайда алға кеткен.
Негроидтық (Орталық Африка)
Батыс, Орталық, Судан, Нілдің жоғары ағысын, Конго өзенінің бассейнін түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар жатады. Негроид нәсілінің алғашқы пайда болған жері Батыс Судан мен Батыс тропикалық Африка жерлері болуға тиіс. Негізгі белгілері: түстері қара қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың, тістері аппақ, бойлары 165-185 (орт. 182см.) см. Айрықша өкілдері Нигерия мен Конго өзендер бойларын мекендейді.
Лингвистикасы:
I. Семит-хамит семьясындағы тіл
II. Судан тілі
III. Банту семьясындағы тіл
IV. Қойсан бөліміне жататын тілдер
V. Мальгаш тілі
Семит-хамит тілі
Семит-хамит семьясындағы тілде сөйлейтін халық-тар Солт, Солт-Ш Африканы, Сахараны, Ш Суданды, Эфиопияны, Самоли жарты аралын мекендейді. Семит-хамит семьясындағы тілді: семиттік, кушиттік және берберлік деп 3-ке бөлінеді. Ең үлкені семитік тіл (60 млн адам сөйлейді). Мысыр, магриб елдері (Тунис, Алжир, Марокко) және Ш Судан, Қызыл теңіздің жағалауындағы кейбір халлықтар, Сахара мен Чад көлінің төңірегендегі эфиопиялықтар.
Судан тілі
Судан тілі бірнеше лингвистикалық бөліктерден, құрамалардан тұрады. Бұлардың ішінде көбірек тарағаны мунд семьясына жататын тіл. Атлантикадан Қара Вольтке, Сахарадан Гвиней қолтығына дейінгі жерлерді мекендеген халықтар мунд тілінде сөйлейді. Олардың ірісі – манде-тан және манде-фу. Батыс Суданның тілі көбірек зерттелген. Бұл тілде 12 млн адам сөйлейді: аншанти, эве, йоруба, дагомей, ибо, купе және т.б. Әсіресе, Гвиней қолтығының жағалауындағы халықтардың тілі, соның ішінде эве тілі көбірек зерттелген.
Судан тілі 3 диалекттіге және әр диалект өзара – говорларға бөлінеді.
Банту семьясындағы тіл
Бұл тілде сөйлейтіндер Орталық және Оңтүстік Африка жерлерін мекендеген, олардың саны – 60 млн шамасында. Банту тілінің бәріне тән ортақ грамматикалық құрылыс, сөздік қоры бар. Соған қарамастан, оның көрші тілдерімен де ұқсастығының бар екені байқалады.
Қойсан бөліміне жататын тілдер
Қойсан бөлімінде сөйлеушілер Африканың оңтүс-тік шеттері. Оңт-батыс, Намиб және Колахари шөлінде мекендеушілердің тілі. Бұрынғы Оңтүстік Африка – бушмендер мен готтентоттардың тілдері. Бұл екі халықтың саны 73 мың шамасында. Олардың – тілдерінің грамматикалық құрылысы мен сөздік қорларын-да ұқсастық бар екені байқалады.
Мальгаш тілі
Бұл тілде мадагаскарлықтар сөйлейді. Олардың саны 4 млн. Өздерінің антропологиялық белгілері, мәдениеттері мен тілдері бойынша африкалықтардан көп айырмашылығы бар. Бұл тілі өзінің ерекшелігі бойынша малай-полинезия және Индонезия тілдеріне жақынырақ болып келеді.
Африка халықтарының жазу құрамын 2 топқа бөлуге болады:
1. Шығыс және Жерорта теңізімен байланыстылары;
2. Бұрын қалып кеткен, әр түрлі түрдегі пиктографиялық жазулардың орнына пайда болғандары.
Көне Мысыр жазуы иероглифтің өте күрделі түрінің көпжылдық тарихы болса да, бәрібір қазіргі алфавитке жете алмайды. Осы көне мысыр жазуынан кейін грек алфавитінен пайдаланған колты алфавиті жүйесі өмір сүрген. Колты алфавиті көне Нубии жазуының пайда болуына себепші болды.
Шаруашылығы 3 кезеңге бөлінеді:
• Қыстық (қараша-наурыз айларында – бидай, арпа, сарымсақ егіледі);
• Жаздық (сәуір-тамыз айларында – мақта, кендір, жүгері дақылдары егіледі);
• Күздік (кіріш жүгері егіледі).
Мысыр шаруалары феллахтар деп аталады.
Әдебиет:
Негізгі
Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994
Население мира. М.,1992.
Артықпаев Ж.О. Этнология и этнография. Астана.2001.
Садохин А.П. Этнология. М.2004.
Таводов Г.Т. Этнология. М.2003.
Қосымша
Бютнер Д. История Африки с древнейших времен. М, 1981.
Дэвидсон Б. Африканцы. Введение в историю культуры. М.,1975.
Куббель Л.Е. «Страна золота»-века, культуры, государства. (Западная Африка). М, 1990.
Исмагилова Р.Н. Этнические проблемы современной Тропической Африки. М.,1973.
Львова Э.С. Этнография Африки. М.,1981.
Арсеньев В.Р. Звери-боги-люди. М, 1991.
Асоян Б.Р. Все еще удивительная Африка. М, 1987.