Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда

Сабақ жоспарлары

  • 19.12.2016
  • 2958

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.) дәріс сабақ жоспары

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда дәріс сабақ жоспары

 


Негізгі ұғымдар:«Тың және тыңайған» жерлер, ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.

Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.
Жоспар:
1.

Бейбіт тұрмысқа өтуі


2.

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы


3.

Ауыл шаруашылығы


4.

Тың және тыңайған жерлерді игеру

 


Лекция
1.Бейбіт тұрмысқа өтуі. Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығыньщ үштен бірінен айрылды.Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру максатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация):
• 1945 жылдың шілде - қыркүйегі - бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
• 1945-1948 жылдар - 8,5 млн. адам босатылды.
• 1946 жылғы 18 наурыз - 1946-1950 жьтдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды. Міндеттері:
1. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру.
2. Ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез карқынмен дамыту.
Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжылдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға каржы бөлінді.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт түрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Бесжылдық құрылыстары:
• 1946-1951 жылдары республикада болат прокаты, қара жэне түсті металлургия, тау-кен жэне көмір өнеркэсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
• Теміртау металлургия зауытында үй прокат станы, 2 мартен пеші салынды.
• Актебе ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды.
• Өскеменде 1947 жылы қорғасын-мырыш комбинаты салынды.
• Екібастүзда көмір кесіндісінің қүрылысы аяқталды.
• Маңғыстауда жаңа мұнай кэсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай ендіру-52%-ға артты.
50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:
• Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады.
• Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.
• Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті:
• 1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды.
• Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды:
• Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.
• 1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.
• Радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты.
Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ыкпал етті: 1945 жылы - 1.044 мың, 1950 жылы - 1.403мың.
Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан зиян шеккен
аудандарға көмек керсетті: - 1945 жылы Украинаға 500 трактор, ауыл
шаруашылық машиналары, 140 паровоз жіберіліп, 100-ден астам
ауылшаруашылық мамандарыаттандырылды.
- Жеңілдетілген бағамен 1 млн. астам ірі кара, жылқы, қой сатылды.
- 17,5 мың ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой тегін берілді. Шаруашылықта жұмыс қолының жетіспеуінің себептері:
1. Соғыс көзінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты.
2. Жүз мындаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. (603 мындай)
3. Соғыста тірі калғандардың бір бөлігі елге оралмады.
4. Қазақ шаруалары ашаршылық жылдары аштықтан қырылды және басқа елдерге көшіп кетті.
5. Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды.
Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы-мамандарды көбейту максатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды.
КСРО-ның соғыста қираған шаруашылығын қалпына келтіру аса күрделі жағдайда жүргізілді. АҚШ пен КСРО арасындагы қарым-қатынас шиеленісе түсті:
• Сталиндік басшылық КСРО дұшпандық пиғылдағы капиталистік қоршауда отыр деп есептеді.
• Ел қаражаты әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсатына жүмсалды.
1952 жыл - Сталиннің «КСРО-дағы социализмніц экономикалық проблемалары» еңбегі жарияланды.
- Тауар-ақша қатынастары өнімдер айырбасымен алмастырылады.
- Халыктың өскелең талабы өндірістің мүмкіндіктерін басып озады. Осы жазылған «экономикалық зандылықтары» арқылы тауар тапшылығының үстемдік етуін ақтап берді.
Көсемнің «өнімдер айырбасы» туралы данышпандық тезисін БК(б)П XIX съезі қолдап, социалистік қоғамның капитализмнен «сөзсіз артықшылығы» туралы идеяны насихаттады.
2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.
II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.
Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта қүрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт түрмыс өнімдерін шығара бастады.
Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек корсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, коптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.
Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді. 1946 жылы қабылданған 1946-1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығына сәйкес шаруашылықты дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді.
Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастүз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшілік-терінде жаңа кұрылыстар салынды.
Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің куаты артты.
1950 жыльі 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы қаласы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыс-тырылды.
3.Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыкқан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б.
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды.
Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы, әрине, ешқаңдай мәліметтерде айтылмады.
4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру. Тыңды қып- қызыл зиянын санап, қазаққа жасаған қиянатын де білетіндер де баршылық. « Тың игеру жылдарында жыртылмай қалған жерлер, ата қонысынан айырмаған ел қалмады. Жерді тоздырды, елді бұзды. Малдың өрісін тарылтты. Орысты қаптатып, қазақ өз жеріне өзі кірме болып қалды.
Тыңды игеруде бәрі де – жақсы да, жаман да болды. Пайдасымен бірге зияныда болды. Соның қайсысы басым түскенін уақыт өткен соң таразылап, талдап байқасақ бір ғана мақтауға немесе даттауға келмейді. Тың игеру- шындығында, заманның күрделі құбылысы. Кең аймақта жүргізілген осы бір ұлы қозғалысқа сол кезде бүкіл ел, барлық халық араласты. Бір ғана ұлттың мүддесі, тіршілік қалпы ескеріліп жатпады. Онымен санасқан да жоқ. Осы кезде саясатта, экономика да осы талаптарға бағындырылғаны мәлім. Сөйтіп, қазақ жері «жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Жергілікті тұрғындар мен жаңадан көшіп келгендердің бастапқыда өзара тіресуі- табиғи нәрсе.
Тың игерудің 1960 жылдарында республика бойынша 25 млн. 484 мың га тың және тыңайған жерлер игеріліпті. Яғни осыншама жердің « ішек- қарны ақтарылып» жыртылған екен. Тың игерудің салмағы қазақтарға ауыр тиді. Тыңның екпіні қатты еді. Барлық салада орыс тілі үстемдік етіп, қазақ тілінің қолдануы аясы тым тарылып кетті. Осы өлкедегі қазақ мектептері жабылуға айналды. Қазақтар өз балаларын орысша оқытуға мәжбүр болды. Егер біз біраз жылдар бұрын республикада 700- ге жуық қазақ мектептері жабылды десек, соның көбісі тың игеру көзінде осы өлкенің үлесіне тиді. Бұл аздай, сыншылдары республиканың солтүстіктеріндегі, тың игерген бес облысты барлық облыстық және аудандық қазақ газеттері жабылып, бір ғана « Тың өлкесі» газеті ғана шығарылды. Бұл жғдай да елді күйзелтті. Әдебиеттің, өнердің ұлттық таланттары да кеми түсті. Себебі өрістететін тілдік орта болмаған соң талантта тұмшаланып, тоқырайды. Ұлттық салт- дәстүр, тұрмыс өзінің сәнін шектеумен қатар жергілікті тұрғындар ежелгі дағдысынан ауытқып басқа жұрттың тұрмыс ыңғайына қарай бейімделді. Міне, тыңды игеруді айтқанда, көбіне осы жағдайлар еске түседі. Тыңның бізге бергені де көп. Тізіп айтсақ оның бәрі ұзақ әңгіме. Осы жылдар ішінде республиканың экономикалық қуаты артты. Өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының қай саласын алсақ та кері кеткен жоқ. 25-26 ақпан күндері Ақмола қаласында өткізілген тыңның 40 жылдығына арналған саяси- қоғамдық көзінде осының дұрыстығына көз жеткізгендей болдық. Республиканың түпкір- түпкірімен келген адамдар кездескен жерде бір-біріне « той құтты болсын» десті. Біз- той қадірін білетін халықпыз. Тының 40 жылдығын атау бізге, әсіресе өткендегі тарихты таразылап, әділ баға беру, тыңды игеруге қатысты. Белгілі бір көз қарастарды қалыптастыру, соны пікірлерге жол ашу үшін қажет екенін де түсіндік. Тың игерудің 40 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тың игеру тарихына тоқтала кетіп, бірталай шындықтың бетін ашып әділін айтты.
Сол кездерде жіберілген кемшіліктердің, оның зардаптарының кінәлісіде комунисті режим оның идиалогиясы, әкімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі делінді. Сол кездің үгіт насихаты да сол жүйенің талабына толығымен қызмет етті. Бүгіндері осының бәрі белгілі жәйт секілді. Ал сол заманда шындықты айтуға батылымыз жетпей, білсек те, сезсек те ұзақ жылдар бойына үндемей немесе қол соғып қолпаштаумен келді. Республика президенті Н. Назарбаев, өзінің орынбасарларымен және бір қатар министрлермен бірге республика примьер- министрі Сергей Терещенко, республика ұлттық ғылым академиясының президенті Кенжнғали Сағадиев бастаған бір топ көрнекті ғалымдар, респуликада он тоғыз облыстың және барлық аудандардың әкімдері 1500-ге жуық колхоз бастықтары, совхоз директорлары, тың ардагерлері Ақмолаға келіп, екі күн бойына мәжіліс құрды. Осыдан артық бұл шараға қаншалаықты мән бергенін анықтауға болады. Жалпы, осы 40 жыл ішінде Ақмола қаласына кімдер келіп, кімдер кетпеді. Қаланың өзі тарихи атын өзгертіп Целиноград делініп, кейін қайтадан Ақмола деп атанды.
Заманның қалып өзгергені өсы екі күнде әр жайттан аңғарылып- ақ тұрды. Екі күн бойына 2500 мың адам қатысқан, үлкен келелі кеңестің орнына айналған тыңгерлер сарайында негізінде кімдер ғана сөз сөйлемеді. Бірінші күнгі салтанатты мәжілісте тыңдағы ерлік еңбек орынды бағаланды. Тың игеру жылдарында елде жерде жаңарды, астық молайып, мал басы көбейді. Қилы- қилы тағдырлар тың тоқайласып, бірлесіп еңбек етіп орнығып, өркен жайды. Сөйлеушілер қазақ халқының меймандастығын достыққа адалдығын айтты. Тың игеру көзінде бастапқы жұмыстар жоспарсыз ғылыми негізсіз жүргізілгені, қаншама алқаптың, жайылымдар мен шабындық бекерге жыртылғаны, соның салдарынан бүгіндері көп жер құнарсызданып тозғаны да, астық өнімінің кеңей түскенінің айтылмай қалмады. Бұл мәселе салтанатты мәжіліс болар алдында тәңертеңгілік өткізілген ғылыми- теориялық конференцияда кеңінен талқыланған да еді. Тыңгерлер сарайында екінші күні өткен сыроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде бүгінгі нарық қыспағының қиындықтары анық сезілді. Республика примьер министрі Сергей Терещенконың баяндамасы да, сөйлеушілердің сөздері де республика ауыл шаруашылығының қазіргі хал жағдайна арналды. Бұл жолғы әңгіменің тақырыбы да орын алған кемшіліктер төркіні де нарықтық экономика талаптарына тірелді.
Кеңесте көптеген мәселе қозғалды. Бәрінің айтатыны- экономиканың қазіргі ауыр халы, қымбатшылық, нарық қыспағы.
Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген сырарлық саясытының бір көрінісі- тың және тыңайған жерлерді игеру. Сол арқылы экономиканың шешуші салаларының бірі- ауыл шаруашылығын дағдарыстан алып шығу міндеті алға қойылды.
КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылы қыркүйек айында өткен пленумда азық-түлікті молайту үшін ауыл-шаруашылығын барынша дамыту мәселесі қаралды. Осы пленумның шешіміне Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлердің көлемін анықтау, құнарлылық жағдайын тексеру мақсатында КСРО ғылым академисының топырақтану институты бас болып, ғылыми қызметкерлердің қатысуымен бригадалар ұйымдастырылды. Ғылыми экспедициялардың зерттеу қортындысы бойынша алтын өндіруден ірі базасын жасау мақсатында игі іске жарамды 20 млн. Гектар жер таңдап алынды. Қазақстандық ғылымдар қазақ жерінің табиғат жағдайын зерттей келе, топырақтың эрозияға бейімділігін дәлелдеп, жаңа жерлердің топырағын зерттеу және қажетті тыңайтқыштар қызметін анықтауды ұсынды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстың дұрыстығы сол кезде ескерілмеді.
1954 жылы партияның Орталық Комитетінің ақпан-наурыз пленумының «Елімізде астық өндіруді одан ары арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысына сәйкес қысқа мерзім ішінде млн-ған га жерді игеріп, оның ішінде астық өндіруді күрт арттыру мақсатында қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының жайылымдық және шабындық жерлерінің табиғи тірлігі бұзылды, қазақ даласының табиғатына шабуыл басталды.
Алайда, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы ауыл шаруашылық өндірісін толық қамтамасыз ете алмады.Ауыл шаруашылығыныда қол жұмысы негізінен сақталып қалды, агротехникалық талаптар орындалады.
Тың игерудің идеологы Л.И. Брежневтың «біз тың жерге оны игеріп, қоныс табу үшін, астық алу үшін бардық» -деп ашық айтқан.Олардың партия саясатының бір жола қазақ даласына орнығуы еді.
Көптеген астық кеңшарларының атауы келімсек жұмысшылардың келген жерінен атымен- «Московский», «Бауманский», «Киевский», «Львовский» деп аталды.
Империяның солақай саясатын қолдаушылар: «Қазақ халқының бос жатқан жерлері игеріліп, әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер енгізіледі» деп насихаттады. Л.И. Брежнев өзінің Тың деген естелігінде: «Тың игеру қазақ халқының әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкелді». «Нан болса, ән болады» деп мақтанышпен жазды. Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың экстенсивті тәсілі болған еді.
Тың игеру саясаты азық-түлік мәселесін шешу жолында уақытша дағдарысты баяулатқанымен ауыл шаруашылығының дамуы өскелең өмір талаптарын қанағаттандыра алмады.
Осы бір құдай қолдап егемен ел болғанда, ақпарат беттерінде өзіміздің кейбір ағайындарымыздың тың игеру заманын жер көкке мадақтап жазған мақалалары қиналтады.Дегенмен көргені мол, азаматтардың осы бұрмалаушылыққа тойтарыс берер, қарсы пікір жазар, сол бір қасіретті кезеңнің ақиқатын қопара ақтарар, шындықты білмей өскен кейінгі жастарымыздың көзін ашар деген ойда едім. Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын ол ойым іске аспайтындай. Тіпті еті үйреніп кеткен бе, өзімізбен аралас-құралас жүрген бір журналист –жазушымыз: «Құдай-ау білмеппіз ғой, тың игеру жылдарында халқымызға көптеген игілікті дүниелер келген екен ғой»,-деп естігенде, мынау не айтып тұр деп таң-тамаша қалдым. Патша заманында елімізге қазақ орыстарды тоғытып, олар құнарлы жерімізді тартып алып, өзімізді бодан қылды. Кеңес өкіметі одан әрі қысым көрсетіп, 30-шы жылдары халқымызды әдейі аштыққа ұшыраиып қырып алғаны, қаңғытып жібергені, көш бастар серкелеріміздің көзін жойғаны өтірік пе? Ол аз қылғандай 1944 жылдың қысында елімізге тұс-тұстан түрлі ұлттарды қой айдағандай қылып тыққандарын неге ұмытуымыз керек? Оның үстіне 50-жылдардың басында тың игеру деген жалаумен қазақ жеріне түрмеде отырғандарды уақытынан бұрын босатып әкеліп , оңай ақша тапқысы келетіндерді сендей соғылыстырып, аз уақыттың ішінде 1.5 млн-дай адамды қазақ даласына қарай қаңбақша айдағаны, содан барып 1959 жылы халықымыз өз қарашаңырағы туған мекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай, аз халықтар санасында қалып келе-келе тілінен, дінінен айырылып, есеңгіреп, мәңгүрттей бастағаны қалай тез естен шықпақ. Адам болып жаратылған соң, негізгі мақсат тек қарын тойдырғанда болмаса керек. Мал емеспіз, ұлтымыздың төбесі әр жерден бір көрініп, селдіреп, қорлық пен мазақты қатар көре бастауы тың игеру көзінде анық байқалды.Сол 60-шы жылдарда ғой, «Целинный край» газетінде «Человек в ушанке») деп халқымызды қорлап, тіпті есекке де теңеп фельетон жазылғаны. Оны Ақмоладағы көнекөз қазақтар әлі ұмыта қоймаған шығар. Тың көтереміз деп келгендердің күні-түні арақтан көз ашпай мас күйінде қандастарымызды көргенде қуа жөнеліп, тепкінің астына алғаны ше?Ондай қорлыққа шыдай алмаған ағаларымыз жер-жерлерге қарсы шығып, бой көрсеткендерін, Мәселен Ақмола базарының ішінде үлкен ақсақалдарымыз шананың жетігін қару қылып сілтей жапырғандығын көзіміз көрген.
Сол уақыттағы Тың өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы Т.И.Соколовтың : «Қазақ халық емес,оларды немістермен будандастыру керек» деген сандырағын өзімізге айтқызу үшін қазақтың ішінен шыққан кейбір босбелбеу зиялысымақтарымызды сарнатып, оны іс жүзінде де асыра бастағанын қалай естен шығаруға болады?Олардың Қостанай обылысындағы қарындасымыз Д.Жақсылықоваға шошқа бақтырып, неміс жігітіне тұрмысқа шығарып, сол үшін Еңбек Ері атағын бергізуі соның айғағы.Бұл қарындасымыздың осындай қадамға баруын барша қазақ қыздарына үлгі етіп , мына апаларыңнан сендер де өнеге алыңдар дегендей ұран тасталып, көзқаман болып бара жатқан қазақ комсомол жеткіншілеріне , газет-журнал беттеріне мақалалар жазғызып шулатып, екілендіріп қойуы.
Ертеде халқымыз айтпаушыма еді: « ұл бала өсіріп отырып, болашақ жер иесін тәрбиелейміз, қыз бала өсіре отырып, болашақ ұлтымызды тәрбиелейміз»,- деп. Бұл ой Путарх еңбегенде де бар, сонда осыны сөз зер салсақ Т.И. Соколов секілділердің арам пиғылы ашыла түсіп, қазақ халқының тамырына балта сілтегенің аңғару қиынға соқпайды.
Тың өңірінде соңғы көзге дейін лауазымы жоғары қызметке шала қазақтардың тағайындалып, асығының алшысынан түсуі осы бір саясатқа байланысты болғандығын ұлт зиялылары жақсы біледі. Оның үстіне орталықтың неше түрлі халықтарды, ұлыстарды елімізге қойша тоғытып, мидай араластырып жіберуінің кесірінен басқа ұлтпен некелесіп тамырын солдырған, ұлтының мәдениетінен жұрдай, дінін, тілін білмейтін, тек төлқұжатында ғана қазақ деп жазылатындар пайда болды.
Тіпті әлгі Т.И.Соколов И.С. Хрущевпен ақылдаса отырып, Қазақстанның солтүстік өңіріндегі бес облысымызды Ресей Федерациясының құрамына қоса жаздағандарында естідік. Сол тұста бұрынғы Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабай Ахмет ұлы Ташеновтың елі үшін, жері үшін, үлкен қызметін тәрк етіп, азаматтық сөзін айтқаннан намысы бар әр қазаққа ой салар, үлгі болар ғажайып батылдық, үлкен жүректілік емес пе.
Тың өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметінен босатар бюрода Т.И.Соколовтан: « Сен неге жергілікті ұлт кадрларын көтермедің»? деп сұрағанда ол: « Әр кадрды өзінің қабілетіне қарай жұмысқа көтереміз.Солпардың ішінде Әуелбеков пен Есмағанбетованы жауапты жұмысқа жоғарлаттым деуіне қарағанда, сасқан үйрек артымен сүңгейтінін кері көрінеді». Қарамағындағы бес облыста әлгі екі азаиматтан басқа қазақтардың бәрі қабілетсіз болғаны ма?
Орталықтың осындай өктемділігінің салдарынан қазақтың ел, жер аттары жаппай жойыла бастады. Көбіне жүрегіне жылы тиетін ауыл атаулары өзгеріп кетті.
Келімсектердің ішіндегі шовинист шенеуліктердің қыспастығының өзі мың батпан жүк. Олар біздің өңірдегі қазақ азаматтарының ішінде ұлтының қамын ойлап, жоғын жоқтаған Ғарифолла Аманиеров, Хамида Тұрыспеков сияқты ағайындарымыздың басына әңгір- таяқ ойнатып жұмыстан қуып, ұлтшыл ат тақты. Еш жерде тәуір қызметке орналаса алмайтындай дәрежеге жеткізді.
Еліміздің сол кездегі басшылығы интернационализмді басты идея ретінде ұсына отырып, тың игерілетін аудандарға словян халықтарын, орыс, украин, беларусь көптеп қоныстандырылды соның нәтижесінде, 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар 30℅, ал орыстар 42℅ болды. Осылайша жергілікті қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, Қазақстан ең көпшілік халыққа орыстар болып табылатын көп ұлтты республикаға айналды. Қазақтардың азаюімен қатар, тың игеруші аудандарда олардың ана тілінде қолданыс аясы тарылып, бұл өлкедегі 700 қазақ мектебі жабылып көптеген қазақ тіліндегі газет- журналдар орыс тілінде шығарыла бастады. Сөйтіп сол кезеңдегі басшылық ұлттық сана мен мүддені шын мәнісінде ескерусіз қалдырды. Ал бұлтұтас бір халықты мәңгүрттікке, мәдениетін, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін жоғалтуға апаратын қауіпті бағыт еді.
В) ғылыми берік негіздің және жүйенің болмауы, әсіресе, Қазақстан да шамадан тыс көп жерді жыртуға, сөйтіп, шөбі шүйгін өлкелердің эрозияға ұшырауына алып келді. Қазіргі таңда тың игеру науқаны нәтижесінде жыртылған 25 млн га астам жердің 9 млн га жері эрозиға ұшырап, жарамсыз болып қалды, онымен қоймай бұл қасірет одан әрі жалғасуда.
4. Тыңды игеру негізіндегі елімізде орын алған ауыл шаруашылығындағы қайта орналастыру және мамандандыру үдерістері Қазақстанның солтүстік облыстарындағы мал шаруашылығының дамуына да қолайсыз әсер етті. Шошқа шаруашылығын дамытудың тасасында қалған, жайлымдардан айырылған түйе мен жылқы шаруашылығы ақсап, қожырап кетті.
5. Шамадан тыс көп жерді экстентивті жолмен жырту- Қазақстанның егін шаруашылығын интенсивтендіру арнасына түсіруді қиындатып, топырақ құрамының тозуына және одан алынатын өнімнің төмендей төсуіне жол ашты.
Міне, тың тарихының негізі тағылымдары осындай. Бұлардан дұрыс ой түю көзіндегі, орын алған олқылықтарды қайталамау- бүгінгі ұрпақтың қасиетті міндеті.
Халқымызға тың игеру заманының әкелген зардабының белгілері әлі де алда ашыла бермек. Қаншама млн даған гектар жеріміз әумесерлікпен ойсыз жыртылып, шаңы аспанға шығарылды. Осынау берекесіздіктің кесірінен аз уақыттың ішінде жеріміздің құнарлылығы 20-25 ℅ дейін құлдырап түсіп кетті. Ол аз дегендей қаншама жеріміз жарамсыз болып, бұл күнде аррам шөп басты. Енді ел өмірлердің байырғы бозын, бидайығын қалпына келтіру үшін әліде 30-40 жылдай уақыт керек.
Қорыта айтсақ,тың және тыңайған жерлерді игеру уақытында Қазақстанға пайдасы да, зияны да болды деп айтуға болады. Негізінен тың игеру Қазақстанның Ақмлоа, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазқстан және Қостанай облысында кен түрінде жүрді. Тың игеру Қазақсанның солтүстік облыстарында ғана жүрді деп айтуға болмайды. Ол бүкіл Қазақстан территориясын қамтыды. Бірақ, Бұл жерлерде аз мөлшерде тың игерілді.
Осы кездегі негізгі өзгерістер, ол Қазақстан территориясына басқа халықтардың келуі мәселен Қазақстанға шамамен 640 мың адамдар көшіп келеді. Ең бірінші келген халықтар украиндер. Олардың көбісі қазіргі заманға дейін қалалық жерлерде немесе ауылды жерлерде өз отбасын құрып, тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Онымен қатар құрылыс жұмысы жақсы жүрді. Көптеген мектептер, клуб, асхана, үйлер совхоздар және де тағы басқа құрылыс түрлері көп мөлшерде жүріп салынып отырды.
Тың игеру кезеңіндегі жағдай қазірге дейін ғалымдар арасында пікір-талас болып отыр.
Тың туралы әңгіме болғанда тағы бір есте болатын жағдай, Қазақстан тыңындағы кеңшарлардың ерекшелігі- олардың аса ірі екөлемді болып, жоғарғы деңгейде механизациялану. Басшылар көбінесе орталықтан келгендер болды.

Бекіту сұрақтары:
1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?
2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?
3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?
4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?