Мұражайлардағы мәдени мұра

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 1640

Мұражайлардағы мәдени мұра дәріс сабақ жоспары

Мұражайлардағы мәдени мұра дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы: Мұражайлардағы мәдени мұра.
Мақсаты: Мұражайлардағы мәдени мұраны сипаттау, оның негізгі ерекшеліктерін көрсету.
Жоспары:

Мұражайлардағы мәдени мұралар


Мәдени мұралардың категориялары


Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностық тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә. Х. Марғұлан өз зерттеулерінде баса көрсеткен. Ол – қазақ фольклорын, оның ішінде қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйеніп, тарих пен этнографияны байланыстыра отырып, тарихи фольклорды алғаш реткешенді түрде зерттеген ғалым. Сонымен қатар ол осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде нақтылы айқындап, алғаш ашқан ғалымдар қатарына жатады.
Ә. Х. Марғұлан шашырап жатқан сан ғасырлық мұраларды, замана айғақтарын типологиялық және нақтылы тарихи аспектіде зерттей отырып, халықтың рухани игілігіне айналдыруды мақсат еткен.
Мәдениеттің барлық түрлеріне, оның ішінде, мәдени мұра мәселесіне көңіл бөлудің тағы бір себебі ол: дүниежүзілік өркениеттің негізін құрайтын ұлттық мәдениет, қол өнері және олармен тығыз байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің азайып, «технизация», «урбанизация» деп аталатын үрдістермен алмасуы.
Италияның халықаралық мұражайлар комитетінің төрағасы Дж. Пинна осы материалды емес рухани мәдени мұраларды үлкен үш категория етіп қарастырады.
Бірінші топ: ата кәсіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, халықтың би өнері, тұрмыс ерекшіліктері, т. б.
Екіншші топ: тілі, әндері, халық ауыз әдебиеті.
Үшінші топ: халықтық тәрбие, ағартушылық, тәлімгерлік тәрбие.
XIX ғасырда шеберлер, ісмерлер дайындаған тұскиіз, сырмақ сақталған болса, пайдаланған ою үлгілерін, бояуды, жіпті, матаның түрлерін немесе жүн тауып сол сырмақты немесе тұскиізді жаңғыртып, қайта жасауға болады. Ал, ауыз әдебиеті үлгілерін, өзгеріссіз дәл сол қалпында қайталау мүмкін емес. Осы ғана дәлел бір ғана «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының он бес, он алты вариантының болуы. Бірақ жыр сақталған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» көп жырлаған ақындардың бірі – Шөже. Шөже ақын жырды 1820 жылға дейін 50 жылға дейін жырлап келген. Оның айтқан нұсқалары Ақмола, Семей, Торғай облыстарында кең тарғандығын зерттеп жазған Әлкей Хақанұлы еді.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ерте кезде жазылған қазақша бір нұсқасын уақ Баян батырдың ұрпағы Абылхайыр Дербісалин жырлаған. 73 жасында жырдығ ең жақсы варианттарының бірін жырлап өткен Найман Қаракерей елінен, Айтбай Дандыбайұлы туралы, сондай-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» - Сыбанбай ақын, Қатпа ақын, т. б. орындаған. Әсіресе, көп орындаушылары Аягөз бен Лепсі бойы ақындары екенін және олардың қолжазбаларының сақталмағанын айтады.
Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы – тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру деген пікірді Әлкей Хақанұлы жазған еді. Өйткені тарихи жыр-аңыздарда үлкен тарихи хабарлы оқиғалар сақтаулы, оны ересек кісіден бірден ұғып түсіне алу қиын, сондықтан бірізділік болмай тарихи фактілер бұрмаланып дұрыс баяндалмайды. Осы себептерге байланысты ақын-жыршы өз баласын немесе шәкіртін кішкентай кезінен бастап үйретеді. Бала жасынан жыр аңызды жатқа оқып үйрене бастайды да, өз жадын, өз елі хақында ой өрісін әрқашан дамытып отырады.Ал, қандай да болсын мұражайладың зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын толық мәнді іске асыру үшін археология, тарих, этнография, мәдениеттану, өнертану, әдебиет, көркемсурет, т. б. (мұражайлардың профиліне байланысты) қай салада болсын тұрақты және нақты ғылыми зерттеу жұмыстары қажет болса, сол зерттеу жұмыстары мүмкіндігінше, Әлкей Марғұлан ұсынған этнотарихи тәсілмен жүргізілсе, Қазақстан мұражай ісі жаңа белестерден көріне аларына шек келтіре алмаймыз.
Бақылау сұрағы:
1.Мұражайлардағы мәдени мұраларға сипаттама беру
2.Категорияларды талдау
Әдебиеттер: Н-1,2, Қ-3,8,15