Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу

Сабақ жоспарлары

  • 21.12.2016
  • 825

Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу дәріс сабақ жоспары

Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу дәріс сабақ жоспары


Тақырыбы Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу.
Мақсаты: Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан қалай негізделетінін түсіндіру
Жоспары

Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы


Мұражайдың жаңа тұжырымдамасы теоретикалық жағынан негіздеу


Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы ретіндегі мұражай коммуникациясының теориясы. Мұражайтанудың теоретикалық аппаратын жаңарту, оның тез арада өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени ахуалға байланысты нақтылы мұрағат ісінің нақтылы қажеттіліктеріне сәйкестендіру барлық әлемдегі мұражайларда болып жатқан жаңғырудың өзекті міндеті болып табылады. Отандық, аймақтық мұражайлардың жүйесі үшін қызмет көрсетудің теоретикалық негіздерін жаңғырту өте маңызды міндет болып саналады. Ұзақ уақыт бойына жасанды түрде оқшаулануға әкеліп соққан Ресейдегі мұражай ісі догматикалық көріністерде білінген мұражай жұмысында анық білінді.
Бүгіндері мұражай тануда пайда болған теоретикалық бос қуыстар жаңа жағдайларда мұражайлардың өз дамуының тұжырымдарын түсіндіріп бере алмауында көрініс табады. Кең ауқымды көріністерде сүйеніші болмайтын қолданбалы мұражайлық зерттеулер мен жұмыстардың тиімділігінің төменділігіне көп дүние байланысты қазірпгі кездегі құрылымдарды жетілдіру және сапалық көрсеткіштермен көзбояушылыққа баруға апарып соғатын мұражай саясатының артықшылығы мен принциптерін әзірлеуде ғылыми алғышарттардың жоқтығымен дәлелденеді. Дұрысында аймақтағы мұражай қызметінің дамуын аталып өткен ұйымдармен өзара байланыссыз көзге елестеу де мүмкін емес. Оның сыртында мұражайлар, аумақтық кешендер мен мұражайлық ұйымдар арасында бұрынғыдан тығыздырақ, ұзақ мерзімді түрлі бағыттағы байланыстар нығая бастайды, олар мұражай саласының шекарасын кеңейтуді сездіретін бірлескен бағдарламалар мен жобалар түрінде көрініс табады. Мұражайлар мен әлеуметтік орындардың тығыз байланысқа түсінуінің арқасында мұражайлардың білім беру қызметінің мәні арта түседі. Статистикалық мәліметтерге жүгілер болсақ барлық әлемдегі мұражайларға келушілердің саны арта түскенін көрсетеді, бірақ мұражай тану үшін мұражай және оның аудиториясының арасындағы қарым-қатынастың сапалық жағынан мәні басым. Мұражайдың әлеуметтік кеңестікке “енуінің” және оның білім беру функцияларының кең түсуін мұражайлық педагогиканың жедел дамумен түсіндіруге болады, ол мұражайлық педагогика мен келуші арасындағы бірлесе қызмет ету мен бірлескен шығармашылықты зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Мұражайлық-педагогиканың зерттеулер мұражай мен келушінің арасындағы өзара әсер алуды психологиялық, әлеуметтік және мәдениеттілік тұрғысынан тұтастай түсінуге бағытталады, мұражай кеңістігімен өз бетінше танысуды қарастыратын бағдарламалар мен жобалар әзірлейді, ынтасыз көрумен ғана шектелетін нысандарды орағытын өтуге бағытталған интерактивті экспозициялар мен мұражайлық-педагогикалық әдістемелерді жасайды, оларды жүзеге асыру барысында мұражайға келушілердің қозғалыс маршруттарын таңдап алуға, өзінің жеке ассоциасын түзеуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі заманғы кез-келген түрдегі және бағыттағы мұражайлардың басым аудиториясы болып, мектеп жасына дейінгілерді қосқандағы барлық жастығы балалар болып табылады. Мұражайлық педагогикадағы балалар бағытын дамыту мұражайдың ерекше түрін - Балалар мұражайын жасауға әкелді. Балалар мұражайының сан алуан түрлерін бұл мекемелердің қоршаған ортаға көп арналы және әр деңгейдегі кірігуіне бағытталған.
Мұражай мен қоғамның өзара бірлесе қызмет істеуінің жаңа нысандарын іздестіру және дамытудың нәтижесі болып экомұражайлардың пайда болуы және дамуы болып табылады. Олар ең алдымен жергілікті қоғамдастың үшін, жергілікті күштер тарапынан қолдау көреді. Экомұражайлардың дамуның ресурсы болып нақтылы аумақтағы тұрғындардың әлеуметтік энергиясы және олардың осы жердің айрықша ерекшелігін сақтап қалуға мүдделі болулары көп көмегін тигізеді. Экомұражайлар ашық аспан астындағы мұражйлар секілді қоғамның қажеттілігін зерттеу, келушілерді топтастыру және олармен бірлесе қызмет істеу мәселелерін шешуге талпыныс жасайды, ұзақ мерзімдік мәдени бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға бағытталған. Бүгіндері мұндай мұражайлардағы экспонаттар мұражайдағы жай ғана заттан гөрі басқаша көріністе болады, олар мағыналық және символикалық (рәміздік) жүкті көтеріп тұруы және олар жасаған кешен немесе коллекция нақтылы орынның, оның мәдениетінің, тарихы мен қоршаған ортасының өзіндік ерекшеклігі бар тарихи құжатына айналады. Экомұражайлар мезетте мұрағат және оқу құралы, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың сол уақыттағы өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады. Француз мұражай зерттеушісі Жорж Анри Ривьераның пікірі бойынша “бұл мұражайлар жергілікті қауымдастықтың мұрағаттары болып табылады,оларды бейне айнадағыдай өткен кезең мен осыкездің мәселелері, оларды шешудің мүмкіндіктері мен болашағы көрініс табады. Мұндай мұражай бүгіндері қазіргі өмірдің шындығымен мықты байланыста, сондықтан біздің әлемнің өзгешеліктері мен шындығына берік байлануы арқылы, оның бірлігі мен ортақ тамырлары және мәдениет тұрғысынан басымдығын ашып көрсетеді”.
Бақылау сұрағы:
1.Әдістемелік база қандай жағдайда болды?
2. Мұражайдың жаңа тұжырымдамасы теоретикалық жағынан қалай негіздеуге болады?
Әдебиеттер Н-1,2,Қ-2,4,7.