Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаттары, міндеттері, даму тарихы

Сабақ жоспарлары

  • 20.12.2016
  • 1242

Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаттары, міндеттері, даму тарихы

Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаттары, міндеттері, даму тарихы дәріс сабақ жоспары


Тақырып: Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаттары, міндеттері. Даму тарихы. (1 сағат)
Жоспар
1.

Ихтиология ғылымын оқытудағы мақсаты мен міндеттері


2.

Ихтиология даму тарихы


3.

Ихтиология ғылымының Қазақстанда дамуы


4.

Ихтиология ғылымы мен экология


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Наумов С.П. Омыртқалылар Зоологиясы М 1982 ж.
2.Карташев Н.Н. Практикум по зоологии позвоночных М 1969
3. Анисимова И.М. Лавровский В.В. Ихтиология М 1991 ж.
4. Ә.А.Бәйімбет- Ихтиологияның негіздері. 1 бөлім А-Ата 2005.
5. Суворов Е.К. Основы Ихтиологии М., 1948 ж.
6. Джумалиев М.К. Биоразнобразие животного мира (хордовые) 1 ч. Алматы 2002
Қосымша:
Бәйімбет Ә.А. Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері балықтарының қазақша орысша анықтаушысы Алматы 1999 ж.
Алеев Ю.Г. Функциональный основы внешнего строения рыб
Плавильшиков Н.Н. Очерки по историй зоологии М. 1941
Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. М., 1966 г.
Никольский Г.В. Экология рыб М., 1963 г.
Жизнь животных. Рыбы 4 т. М., 1983
Лекцияның мәтіні:
Ихтиология омыртқалы жануарлар зоологиясының бір саласы. Ихтиология-балықтың құрылысын,тіршілігін, барлық даму сатыларын, таралуын, систематикасын, эволюциясын зерттейді. Ихтиология деректері балық аулау, балық өсіру жұмыстарын дұрыс жолға қоюға мүмкіндік береді.
Ихтиология өте ертеде дамыды. Грек ғалымы Аристотель “История животных” деген шығармасында жануарлар әлеміне сипаттама жасады. Желбезекпен тыныс алатын жануарларға түсінік берді. Балықтардың сыртқы құрылысын сипаттау, систематикасын құрастыру әрекеттері жасалынды. 18 ғас. швед ғалымы П.Артедидің балықтардың систематикалық жұйелерін хасады. “Ихтиология” деген енбекті жарыққа шығарды. Швед ғалымы К.Линней “Система природы” деген енбегінде балықтар систематикасына түзетулер еңгізді. Ресейде К.Бэр, Н.Я,Данилевский теңіздер мен көлдерді зерттеп ихтиология ғылымының дамуына улкен үлес қосты.Ресейде балықтарды зерттеу С:И Крашенинниковтың атымен байланысты. “Описание земли Камчатки” енбегінде балықтарды сипаттады. Морфологиясы мен биологиясына ерекше назар аударды. 19-ғ. К. Бэр Каспи, Азов, Қара теңіздерінде зерттеулер жұргізді.Балықтарды қорғаудың ғылми негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағытын бастаушысы аталған Л.С:Бергтің (балық систематикасы, таралуы, палеонтологиясы) А.Н.Северцовтың
( балық анатомиясы) С.Г.Крыжановскийдің ( балық морфологиясы,эмбриологиясы) Е.К.Суворов ( кәсіптік ихтиологияны ) дамытты.
Қазақстанда Ихтиология ғылымының дамуы 18 ғ. П.Палластың Каспи теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеумен басталды. Арал теңізінің балықтары
туралы алғашқы деректер Г.Мейендорф берді. Каспий алабын зертушілер К.Бэийр,Н.Данилевский балық үиірінің динамикасы мен судың биологиялық өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Аралда 1929ж Бүкілодақтық балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу стансасы ашылды. 1959жҚазақстан Ғ.А. ның Зоология институтында ихтиология және гидробиология бөлімшелері ашылды. 1961ж КазМ.У.де ихтиология, гидробиология кафедралары ашылды. Қазақстандағы өзндер мен көлдер балықтары зерттеліп жатыр. Оның негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық
аулауды тиімді ұйымдастыру. Кәзіргі кезде Қазақстанның барлық дерлік көлдерінде балықтар ауланады. Қазақстанда сүйекті балықтар басымдылау келеді. Каспи мен Арал, Зайсан менБалхаш көлдерінде Қазақстанның 70 процентей балығы ауланады. Жер көлемі үлкен Қазақстан, ішкі суларыда жеткілікті болғандықтан, ірі балық аулайтын аймаққа айналып отыр.
Сонғы жылдары ихтиологтар балықтың жасын, өсуін,қоректенуін, көбеуін, санының өзгеруін, таралуын, өрістеуін анықтайтын әдістерді жетілдірді, Ихтиология зертулерде, балық шаруашылығында физико-химиялық жетістіктері орын алуда. Мысалы балық үиірін іздеуге ультра дыбысты қолдану, балықты аулауда электр жарығын, балы қтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану. Ихтиология ғылымы биология пәндерімен тығыз байланыста. Зоогеография, ботаника, биогеография, анатомия, физиология, бионика, экология ғылымдарымен байланысты. Жыл сайын өзен мен көлдерде балықтар саны азайып барады. Негізгі себебі адамзат табиғатты аяусыз, ретсіз пайдалануда. Өндіріс орындары қалдықтарды суларға тастап, гидробионтар санын азайтты. Мұнай және оның қоспалары мұхиттарға төгіліп суды ластап ,тірі ағзаларды жойып жатыр. Экология мәселесі адамзатты алаңдатуда. Педагог білім беру барысында жас ұрпақты табиғатты қорғауға, көркейтуге, бар байлықты сақтап қалуға ұйрету керек. Болашақ биолог мамандар табиғат заңдылықтарын білу қажет. Ихтиология пәнін оқытудағы мақсаты – балықтар әлемін біліп, табиғаттағы орнын анықтап, құрылысымен, тіршілігімен танысып, оны қорғау заңддылықтарын білу қажет.
Ихтиология ғылымының негізгі міндеттері-балықтар ресурстарын сақтап қалу. Санын көбейтіп, жерсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу. Адамзат балықты, өте ерте заманнан бері маңызды азық ретінде пайдаланып келді. Балық аулау өнеркәсіптің бір саласына айналды. Мұхит жағалауындағы халықтар негізгі азығын мүхиттан алып отырды. Балық негізгі азық қана болмай, дәрі дәрмек көзіне де айналды. Кейбір балықтардан әсемдік заттар жасалынды. Мысалы акула терісінен, балықтардың қабыршақтарынан небір әсем заттар, бижутериялар жасалынады. Жер жүзі халықының 20 процентеиі тіршілігін балықтармен байланыстырады Кейбір ел тұрғындары жануарлар белогіне қажеттілігін балықтан алып отырады.. Сондықтан балықтар әлемін қорғау керек.